Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып



бет18/21
Дата13.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#38132
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
1 2-ҚБ Қазақ тілі (Т1) 3-сын

Бөлімше1.4Берілгентақырыпбойыншаәңгімеқұрау

Оқу мақсаты




3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тірек сөздер мен жоспар бойынша әңгіме құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген жоспар бойынша «Найзағайлы күн» тақырыбына мәтін құрастыр. Тірек сөздерді қолдан.


Жоспар:

  1. Тоғайда

  2. Найзағай

  3. Қорқыныш

  4. Жаңбырдан соң



Тірек сөздер: жаздыгүні, тоғайға бару, дем алу, бұлттану, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, жаңбырдың шелектеп құюы, күннің көзі, үйге қайту.

Дескриптор

Білім алушы

  • тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;

  • тірек сөздерді орынды пайдаланады;

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

  • оқиғаны жүйелі байланыстырып айтады;

  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Бөлім: Оқылым



Бөлімше 2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну

Оқу мақсаты




3.2.2.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады

  • Сөзді тура және ауыспалы мағынада қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Қарамен берілген тіркестерді қалай түсінесің?


Жылы жүрек, тәтті тіл, Берекені берер, біл.
Ащы сөзді –өзімшіл, Өнері оның қалар тұл.
Қатесін тапсаң, жұмсақ айт
Ызаланбай сабыр қыл.
Ш. Құдайбердіұлы

  • Өлеңдегі ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркестерін теріп жаз. Оларды қандай сөздермен алмастырып айтуға болады? Кестеге жаз.



Сөз тіркестері Түсіндірмесі



  • Сөздерді тура мағынасында қолданып, сөйлем құрастыр.



Дескриптор



Білім алушы

  • ауыспалы мағынада қолданылған сөз тіркестерін анықтайды;

  • ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын сипаттайды;

-сөздерді тура мағынасында қолдануға мысал келтіреді.

Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Оқу мақсаты




3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақтар құрастырады

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Дос табу оңай ма?
Бір жігіттен:

  • Дос табу оңай ма? – деп сұрапты қарт кісі.

  • Ата, дос табу ақымаққа оңай, ақылдыға қиын, - депті жігіт.

  • Жоқ, балам, ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанмен жақсылары жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең досты іздемей-ақ табады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, - депті қарт сонда.




    • Сұрақтарға жауап бер.




      1. Жігіт қарттың сұрағына қалай жауап берді?

      2. Қарт жігіттің сөзімен келісті ме?



Жұптық жұмыс

    • Мәтін бойынша жұбыңның пікірін білуге бағытталған 1 сұрақ қой.

    • Жұбыңның саған қойған сұрағына жауап бер.



Дескриптор



Білім алушы

  • мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ қояды;

  • сұрақтың құрылымын сақтайды;

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.




Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Оқу мақсаты




3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

  • Мәтінге тақырып қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.

Баяғыда бір бай мен кедей көрші тұрыпты. Бай өте жақсы өмір сүріпті. Ал кедей егін егіп, өз еңбегінің нанын жеп күнелтеді екен.


Бір жылы көктемде қатты су тасқыны болады. Бай бар алтынын көтеріп, биік ағаштың басына шығып кетіпті. Кедей де нанын алып, ағаштың басына шығады. Су тасқыны бірнеше күнге созылады. Қарны ашқан бай кедейге:

  • Мына бір кесек алтынды алып, маған бір үзім нан берші, -дейді.

  • Алтының өзіңе, нан бере алмаймын,- дейді кедей. Екінші күні бай тағы да:

  • Алтынымның жартысын берейін, бір үзім нан берші, –деп жалынады. Кедей бере алмайтынын айтады. Ақыры, аштан өліп бара жатқан бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Байға жаны ашыған кедей өз нанымен бөліседі. Келесі күні су тоқтап, олар ағаш басынан түседі. Содан бері бай мен кедей араласып, жақсы көрші болған екен. Халықтың «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дегені осыдан қалған болар.




  • Мәтін не туралы?

  • Мәтіннен қандай ой түйдің?

  • Мәтіндегі қай сөйлем негізгі ойды білдіреді?

  • Мәтінді қалай атауға болады?

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

  • мәтінге сәйкес тақырып қояды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет