Баяғы бір заманда орман, тоғай деген атымен болмапты. Жер бетін көмкерген ағаш атаулы бір-бірінен аулақта өсіпті.
Әсем де сұлу, жасыл желекті ағаштар құлпырып тұратын. Бұлардың бәрі де Табиғат ананың ұл-қыздары еді.
Табиғат ананың үлкен ұлы Қарағай шыңды таудың қар жамылған, мәңгіге мұз құрсанған беткейіне өсіпті. Сонау жоғарыдан төменге қарап, «мен биікпін» деп мақтануға құмар екен.
Сәнқой Шырша жап-жасыл боп жасанып, алқа тағыпты. Сонау биіктен «мені ел көрсін» деп, Қарағай бауырының жанынан қалмапты.
Үйеңкіні тым еркелетіп жіберіпті. Ол жыл сайын тұрақ айырбастап, ойға да, қырға да өсе беріпті. «Маза бермеген» соң бауырлары оны «ағаштардың арам шөбі» деп атапты.
Тірексөздер:
Сұрақтарға жауап бер.
Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?