Бөлімше 3.4.Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты
|
|
3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Суреттер/ тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Берілген сөздерді қолданып, көктемгі мерекелердің біріне қатысты құттықтау хат жаз.
Тірек сөздер: құрметті, қадірлі, аяулы, құтты болсын, денсаулық, бақыт, жақсылық, табыс, тілектеспін, ізгі ниетпен.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
тірек сөздерді орынды қолданады;
құттықтау хаттың стилін сақтайды;
сөйлемдерді қатесіз жазады.
|
|
|
Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету
|
Оқу мақсаты
|
|
3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Жіберілген қателерді анықтайды және түзетеді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Мәтінді оқы. Асты сызылған сөздерде жіберілген қателерді түзетіп, көшіріп жаз.
Жапон ғалымы Масару Эмото судың қасиеттерді зерттеген. Су барлық эмоциямыздың, сезімімізді, сөзімізді, музыканы қабылдайтынын дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің әдіс-тәсілдері көп. Мысалы, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңдегі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде аш қарынға ішіп отырса, емдік қасйеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
жіберілген қателерді анықтап, түзетеді;
каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
|
Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
|
Оқу мақсаты
|
|
3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Көркем жазу талаптарын сақтай отырып, өлеңді көшіріп жаз.
Наурыз, наурыз күні игі, Күні игі жердің түрі игі! Бауыры жылып науат қар, Бабымен ғана жібиді.
Наурыз, наурыз күні игі, Күні игі жердің түрі игі! Шашылып ырыс шанақтан. Шақырып бір үй бір үйді, Шаттанушы еді бір игі!
|
Дескриптор
|
Білім алушы
бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
әріптердің мөлшерін сақтап жазады;
әріптерді көлбеу салып, үзбей жазады;
өлеңді қатесіз көшіреді.
|
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
|
Оқу мақсаты
|
|
3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Негізгі түбірден түбірлес сөздер құрастырады
Түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Жұптық жұмыс
«Сөз жарыс» ойыны
Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жасап, тізімдеп жаз. Жұбыңның жазған сөздерімен салыстыр. Бірдей сөздерді сызып тастап, сана.
ойын еңбек оқу бала
бас су біл кітап
Түбірлес сөздермен 2 сөйлем құрастырып жаз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
қосымшаны орынды қолданып, түбірлес сөздер жасайды;
түбірлес сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады;
сөйлемнің құрылымын сақтайды;
сөйлемдерді сауатты жазады.
|
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
|
Оқу мақсаты
|
|
3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Негізгі және туынды етістіктерді ажыратады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Негізгі және туынды етістіктерді бөліп жаз.
әңгімеле, кел, өрнекте, жаз, ойна, ұсақта, достас, жөнде, күт, ақылдас, оқы, тұзда, айт, сөйлес, отыр, бұрғыла, жүгір, бар, шегеле, жина
Суреттегі заттардың атауына тиісті жұрнақтар қосып, туынды етістік жаса.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
негізгі етістіктерді анықтайды;
туынды етістіктерді ажыратады;
туынды етістік жасауда жұрнақтарды орынды қолданады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |