Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып



бет10/21
Дата13.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#38132
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
1 2-ҚБ Қазақ тілі (Т1) 3-сын

Бөлімше2.4Мәтінніңтақырыбыменнегізгіойдыанықтау

Оқу мақсаты




3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп тұр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан:



  • Күніне қанша табасың?- деп сұрайды.

  • Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

  • Онда сен бұл өнеріңді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін,- деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагерлер:

  • Мына диуана, дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі?- деп күліпті.

Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

  • Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді?

  • Шәкіртінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қандай еңбек сіңірді деп ойлайсың?

  • Адамға білім не үшін қажет?

  • Мәтіннің негізгі ойы неде?

  • Мәтінді қалай атауға болады?

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

  • мәтінге сәйкес тақырып қояды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет