Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


Оқылым Тапсырма Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10]



бет14/28
Дата13.03.2023
өлшемі105,3 Kb.
#73707
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

Оқылым




Тапсырма

Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10]


А мәтіні


Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне деген
сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам баласының тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы адам баласының бір– біріне мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.
https://45minutkz.wordpress.com/2012/02/1

  1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]



Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

A.

Қазақстандағы тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге
елдерінде сирек кездеседі.







B.

Қарттар үйін паналаушылардың көбеюі, баланың ата-
анасына деген сүйіспеншілігінің жоғары болуынан.







C.

Халқына жаны ашымаған адамдар жемқорлыққа
салынады.










  1. «Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылады» деген тұжырым бар. Сіздің ойыңызша, достық сезімі адамның бойында туылғаннан бола ма, әлде өсе келе қалыптаса ма? 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.

[3]

Ә мәтіні




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет