Реферат тақырыбы: Прогресс және тарихи циклдер теориясы. Орындаған: Мұсахан М. М тобы: М01613-01 Шымкент 2023ж



Дата02.12.2023
өлшемі22,79 Kb.
#132409
түріРеферат
Байланысты:
ш.е.т 1


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Прогресс және тарихи циклдер теориясы.
Орындаған:Мұсахан М.М
Тобы:М01613-01
Шымкент 2023ж
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Прогресс концепциясы
2.2 Өткен заман және қазіргі уақыт дәуірлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Көптеген философ-тарихшылар қоғамдық дамуды түсіндіре отырып, прогресс теориясы негізінде түрлі пайымдарды құрастырды. Оның басты идеясы – бүкіл адамзат өз тарихының гүлдену мен құлдырау, соғыстар мен бейбіт өмір сияқты өзге де кезеңдерінде біртіндеп жетіле берген. Өткен, қазіргі және болашақ мақ- сатты даму идеясымен тығыз байланысты болды.


Прогресс концепциясы көптеген еңбектерде талқыланды, ол қоғамдық әре- кеттерден қолдау тауып отырды. Бұл теория француздың екі авторының: эко- номист, мемлекет қайраткері Анн Робер Жак Тюргоның (1727–1781) «Дүниежүзі тарихы туралы пайымдаулар» (1750) атты аяқталмаған еңбегі мен Жан Антуан никола Кондорсенің (1743–1794) «Адамзат ақылының прогресі бейнесінің эскизі» (1793–1794) деген шығармаларында егжей-тегжейлі түсіндірілген еді.
Француздың атақты математигі, философ-ағартушы Ж.А.н. Кондорсе өзінің еңбегін Француз революциясы кезінде жазды. Ол адамзаттың тарихын сызықтық заңды процесс, жүйелі және жеделдене түсетін қозғалыс ретінде баяндайды. Әлем туралы ғылыми білімдердің дамуы, табиғаттың «қатыгездігі», қоғамдағы қысым мен азаматтық теңсіздік прогрестің критерийі ретінде қарастырылған. Кондор се бүкіл тарихты тоғыз дәуірге бөліп қарастырады. Алғашқы бесеуі көне дәуірден Рим империясының құлауына дейінгі кезеңдерді қамтыған. Алтыншы дәуір орта ғасырлар, яғни варварлықтың қараңғылыққа толы уақыты ретінде сипатталды. Жетіншісі мен сегізіншісі XI ғасырдан бастап XV ғасырдың соңына дейінгі ара- лық және «кітап басу ісінің пайда болуынан ғылым мен философия беделдің үс- темдігін құлатқан кезеңге дейін» (яғни XVII ғасырдың ортасына дейін) ақылдың қайта өрлеу және еркіндікке қол жеткізу уақыты деп түсіндірілді. Соңғы, тоғы- зыншы дәуірде (декарттан Францияның құрылуына дейін) ақыл «құрсауды мүлде талқандайды». Бұл кезеңде ұлы революциялардың болғанын білеміз. Солардың бірі – Солтүстік Америкада, ал басқасы Еуропа мен Францияда орын алды.
Жалпы алғанда, қоғамдағы орын алған барлық өзгерістер бақыттың еселенуі- не жол ашуы қажет. Кондорсенің пікірінше, адамзат ең соңғы, оныншы дәуірге аяқ басуға дайындалды. Ақылдың салтанат құруы нәтижесінде қоғамның өмі- рін басқарып келген табиғат пен заңдылықтардың құпия сырларын тереңірек ашқан сайын, ағартушылық жұмыстардың кең ауқымда таралуының арқасында бақытты қоғамды қалыптастыру үшін қажетті барлық шарттар орындалған бо- латын. Оның басты белгілері ретінде бейбітшілік, қоғамдық құрылымның әді- летті принциптері, сауданың гүлденуі, адамдар мен халықтардың арасындағы теңдікті атаймыз.
Мұндай көзқарастар тарихи ой үшін жаңашылдық болды. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер адамзаттың іс-әрекеттерін бүгінгі күнге бағыттай оты- рып, болашаққа үміт сыйлады. Ағартушылардың пайымдары жарқын болашаққа үмітпен қарау бүгінгінің болмысын түсінуге және өткенге баға беруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар прогрестің зайырлы концепциясы дәстүрлі христиандық көзқараспен үндесе отырып, тарихты мақсатқа жету жолындағы адамзаттың бағдарлы сызықтық қозғалысы ретінде қарастырды. Ал мақсат – Құдай патша- лығымен қауышу болмаса да, ақыл-парасаттың салтанатына қол жеткізу.
дегенмен осы аталған көзқарастарға сай, адамзат баласы үдемелі жолмен дамыса да, тарих жабайылықтың кезеңдерін де басынан өткерген еді. Қарқын- ды даму қозғалысы туралы түсінік адамзаттың «балалық шағы» ретінде қабыл- данған ерте дәуірлердің құндылықтарын шектей түсті. Сонымен еуропалық ортағасырлық дәуір, яғни христиан діні үстемдік еткен уақыт, көптеген ағарту- шылардың пікірінше, діни фанатизм мен ақыл еркіндігін тұсаулағаннан басқа, адамзатқа мардымды еш нәрсе бермеді.
Сонда тарихты зерделеу ісі басқа не берді? Философтар өткеннің мәнін ұғы- нуға, ертедегі мәдениеттердің өз терминдері арқылы олардың ерекшеліктерін түсіндіруге ұмтылған жоқ. Тарих адамзатты оқытып, оларға білім беруі қызметін атқарды. Кондорсе адамзат баласы жүріп өткен сара жол туралы білім оның та- рихының нәтижесі арқылы адамзаттың болашақ тағдырының шынайы бейнесін болжауға мүмкіндік береді деп есептеді. Орта ғасырлар туралы әңгіме ескі наным- сенімдер мен надандықтың адамдарды тығырыққа тірейтінін көрсетті. Осындай шығармалардың оқылуы үшін, ең алдымен, оның әдеби формасына, көркемдігі мен стиліне назар аудара отырып жазу керек. Сонымен тарих өткеннің жарқын мысалдарын қолдана отырып, философияның дәрістерін берді.
Философ-ағартушылардың барлығы бірдей өркениеттің дамуына оптимистік көзқараспен қарамады. Француз жазушысы, философ Жан Жак Руссо (1712–1778) ғылым мен өнердің прогресі адамдардың игілігі үшін пайдалы дүние болды деп санамады. Адамзат болмысының бір қыры – ақыл-ойдың жетілдірілуіне – сезіну мен уайымдау қабілеттерін басу арқылы қол жеткізілді. Руссо өзінің «Адамдар арасындағы теңсіздіктің шығу тегі мен негіздері туралы толғам» (1755) атты ең- бегінде адамдар тек ерте кезеңдерде, өздерінің «табиғи қалыптарында» болған уақыттарда ғана еркін, дені сау, мейірімді әрі бақытты болды деп дәлелдейді. Кейіннен жеке меншік идеясы өмірге әртүрлі қиыншылықтарды алып келді, құлдық пен кедейлікті қалыптастырды. Сөйтіп, өркениет «табиғи қалпынан» айырылған өнімге айналды. Адамзаттың тарихы қартаю мен құлдырау процесі ретінде де оқылуы мүмкін.
Философ-тарихшылар прогрестік теориялармен қатар, мәдени-тарихи цикл- дер концепцияларын да әзірледі. Ақыл-ойды жетілдіруде де, жалпыға ортақ бақытқа кенелтуде де ешқандай нәтиже бермеген бұл концепциялар прогрес- тік идеялар қол жеткізген қоғамдық танымалдылыққа ие болмады. Прогресив- тік көзқарасты ұстанушылар білімнің XVIII ғасырда үстемдік еткен бағытының өкілдері болды. Ол Ф.Бэконның, Р.декарттың, и.ньютонның танымдарының нә- тижесінде қалыптасқан әлем бейнесіне негізделді. Оның негізінде нақты және жаратылыстану ғылымдары жатты. Олардың әдістерінің көмегімен тек табиғат қана емес, сонымен қатар адамзат қоғамының өткені мен бүгінгі өмірі түсінді- рілді. Циклдер теориясының жақтастары ұстанған әлем жайындағы түсініктерде ақылмен қатар, адамның эмоция, интуиция сынды сезімдерінің де маңызы мо- йындалды. Бұл бағыт белгілі бір мөлшерде Қайта өрлеу дәуірімен және гуманизм дәстүрлерімен үндесіп жатты.
1725 жылы шешендік өнерден дәріс берген неаполитандық профессор джамбаттиста Вико (1668–1744) «Ұлттың жалпы болмысы туралы жаңа ғылым- ның негіздемелері» атты еңбегінің алғашқы басылымын жарыққа шығарды. Бұл шығармада тарихи процестің және тарихты тану әдістерінің біртұтас айрықша теориясы ұсынылған еді.
Вико ақиқатты тек математикалық және жаратылыстану-ғылыми білімдер- дің көмегімен ғана тануға болады деген кең тараған пікірлермен, сондай-ақ бұл процестің барысында тарихқа бағынышты орын берілгенімен келіспейді. Вико табиғатты зерттеу өткенді танудан анағұрлым оңай деген пікірмен де келісе бермейді. Табиғатты Құдай жаратты, тек Ол ғана табиғат туралы барлық ақпа- ратты біледі. Ал тарих адамдық іс-әрекеттердің әлемі ретінде адамдар тарапы- нан жасалды, олардың үміттерінен, қорқыныштарынан, ниеттерінен, еңбекте- рінен туындады, сол себептен ол маңызды әрі зерделеуге қолжетімді құбылыс болып саналады. Адамдардың қандай болғанын және әлі де бір-біріне ұқсайты- нын түсіну қажет. Сол арқылы «жаңа ғылымның» жалпыға ортақ негізін қалып- тастыруға жол ашылады.
«Жаңа ғылым» антикартезиандық негізде құрастырылды. Адамдар барлық дәуірлерде сол бір табиғи қасиеттерге ие болған ерекше рационал индивидтер ре- тінде ғана қарастырылмаған еді. Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары- ның жақтастарымен салыстырғанда, Вико адамдардың ойлау жүйесі айтарлықтай өзгерген деп есептейді. Ұжымдық санада, адамдардың әлем туралы түсініктері мен пайымдау тәсілдерінде ірі өзгерістер болды. Бұл өзгерістерді түсіну, оларды адамзаттың мәдени тарихының оқиғасы ретінде зерделеу – өзекті мәселе.
Өткен заман мен қазіргі уақытта бір-бірін кезекпенен үш дәуір алмастырды:
«құдайлық» (мемлекеттердің қалыптасуына дейінгі, отбасы, жазу, дін, құқық не- гіздері пайда болуы), «ерлік» (аристократияның үстемдігі және олардың плебей- лермен күресі) және «адамдық» (ақыл-ойдың, демократияның, қалалардың гүл- денуі) дәуірлер. Олардың әрқайсысына ерекше ұжымдық сана тән. Оның өзіндік ерекшелігі заңында, поэзиясында, дінінде, әлеуметтік институттарының құры- лымында бейнеленген. Сөйтіп, мәдениет уақыт өте келе өзгеретін біртұтас жүйе ретінде тұжырымдалды.
Үш дәуірдің өзіндік құндылықтары болды. Прогресс туралы қалам тартқан ав- торларға қарағанда, Вико үшінші, яғни «адамдық» кезеңді аса дәріптемеді. Өзінің қауыз жарған кезінде сола бастаған гүл секілді қоғамның құлдырауы адамдар- дың дәуірінде басталады. Ақыл өз күшіне енеді, заңға көзсіз бағынудың орнына азаматтық мойынсыну келеді. Пайымның тәсілдерінде – логика, ал әдебиетте проза үстемдік етеді, ғылым болмысты түсіндіреді, тең құқық демократиялық құрылысты қолдайды. Бірақ адамзаттың жетістіктері өздерін құрдымға алып ба- рады. Тарихи цикл аяқталып, жаңа варварлық дәуір, одан кейін анағұрлым жо- ғары дамыған сатыдағы келесі цикл басталады. Виконың пікірінше, қоғам өзінің дамуын тежеген сәтте ғана бұл апаттан құтыла алады. Бұған еуропалықтардың үндістерді экспансиялауы немесе римдіктер талқандаған Карфагеннің тұрғын- дары мысал бола алады.
Виконың прогресс пен циклизмді, философиялық-тарихи құрылымды, өзін- дік құндылық пен ерекше дәуірлер идеясын, өткенді өзіне тән логикаға сай көз- қарас арқылы түсіну мүмкіндігін қамтыған концепциясы Ағарту дәуірінде өзі- нің лайықты бағасын алмаған еді. Автордың еңбегі кейін ғана мойындалды.
и.г. гердер Виконың ізбасарларының бірі болды. Оның шығармаларында тек ағартушылардың ғана емес, сонымен қатар ерте романтикалық көзқарас- тардың идеялары көрініс тапты. «Адамзат тарихы философиясының идеялары» (1784–1791) атты негізгі еңбегінде гердер адамзат тарихын табиғат тарихының жалғасы ретінде қарастыра отырып, әлем халықтарының өткені мен бүгінгісінің кең ауқымды бейнесін жасауға тырысты. Климаттың әсері туралы теорияның жақтаушысы гердердің пайымынша, тек табиғат қана адамзат тарихының бар- лық күйзелістерімен және бұрылыстарымен бірге өзінің жалпы әрі өзгермейтін тәртібін орнатты. Барлық адамдардың табиғаты ортақ болды, алайда оның кө- ріністері әртүрлі болған еді. Түрлі халықтардың өмірлік тәжірибелеріне талдау жасау үшін шығармада мәдениет ұғымы қолданылды. гердердің концепциясына сай, әрбір халықтың өмір сүру салтына, құндылықтар жүйесі мен әлемді тану тәсіліне тән өзінің мәдениеті болды. гердердің шығармасында Ағарту дәуірінің Еуропаны өзінің дәстүрлері және ойлау стильдерімен өзге елдердің халықтары- ның үлгісі ретінде қарастыратын жазылмаған ережесі қайта қарастырылды. Бұл мәтінде еуроцентризм – тәкаппарлықтың көрінісі, ал Батыс мемлекеттерінің жолдары көптеген мүмкіндіктердің бірі ретінде түсіндірілді.
гердердің ойынша, мәдениет құбылыстың әмбебап барысына бағынған: олардың әрқайсысы өз уақытында пайда болды, дамыды, шырқау шегіне жет- ті, одан кейін «солды». Әрбір саты бағалы, өзінің жемісін беретін мәуелі бақтай түсінілді. Адамзат дамуының мақсаты – «адамгершілікке» қол жеткізу, адамның рухани қабілетін ашу, ағартушылық пен ақыл-ойды дамыту. Өткен, қазіргі және болашақтағы қоғамдардың құрылымын мәдениеттердің органикалық қозғалы- сы теориясын басшылыққа ала отырып түсіндіруге болады. гердер бұл оқиғаны «өзгерістер тарихы» деп түсіндірді, оған жалпыға ортақ және типтік деп қана қарамай, ерекше назар аударды.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю. Тарихи білім тарихы. Академиялық бакалавриатқа арналған оқулық, 4-басылым. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 236 бет.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет