«Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері



бет2/5
Дата31.12.2021
өлшемі33,54 Kb.
#22933
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
КТЖ Қазақ тілі 5 сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Тақырыптар/

Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны


Оқу мақсаттары

Тыңдалым және айтылым

Оқылым

Жазылым

Әдеби тіл нормасы

І тоқсан

(24 сағат)

1-бөлім:

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас



Мысалы:

1. Тіл және сөйлеу

2. Тіл туралы не білеміз?

3. Cәлем – сөздің атасы

4. Әдеп

5. Әдеп пен талғам

6. Сөйлеу мәдениеті

7. Телефонмен сөйлесу әдебі

8. Көп тіл білудің пайдасы

9. Біз қалай сөйлесеміз?



5.Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.



5.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

5.О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.



5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.



5.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

2-бөлім:

Киіну. Сән.Талғам.



Мысалы:

1. Киім стилі мен сән үлгісі

2. Жарасымды киім

3. Бабамның киген киімі

4. Менің дизайнер болғым келеді

5. Киім – мінез айнасы

6. Ақ кимешек

7. Сән және талғам

8. Отандық брэнд киімдер

9. Киімқұмарлық



5.Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жарнама) көтерілген мәселені түсіндіру.

5.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.



5.О3. Жарнама құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.



5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу.

5.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.



5.ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.

3-бөлім:

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер



Мысалы:

1. Қара шаңырақ

2. Үлкеге ізет

3. Отбасы – шағын мемлекет

4. Отбасылық демалыс

5. Бесікке салу

6. Тұсаукесу

7. Қонақ күту

8. Жазда ауылға барғанда


5.Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні) көтерілген мәселені түсіндіру.

5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.



5.О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің

мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

5.О3. Хаттың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.


5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу.

5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.



5.ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет