Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары


Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым



бет14/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым оқудың сындарлылық теориясына негізделеді, яғни оқушылар жаңа ұғым туралы сын тұрғысынан ойлана отырып, оның мәнін, мағынасын ұғынады, оны бұған дейінгі білімімен байланыстырады. Мұғалімнің жетекшілігімін жүретін оқылымдағы мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қойып, нұсқау беріп, пікір таластыруға тартып және бағамдай отырып, тапсырманы орындардың алдында, орындау барысында және орындағаннан кейін ойлануға жетелеу әрі қолдау көрсету болып табылады . Мүмкіндіктері бірдей оқушылар топ болып мұғалім таңдаған мәтінмен немесе тапсырмамен жұмыс істейді. Олар оқылым/жазылым әдіс-тәсілдерін пайдалануды және материалдарды өз сыныптастарымен және мұғалімдермен талқылауды үйренеді.
Дәлелдеу
Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану – бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының өзекті аспектісі. Осы ойлау дағдыларын қалыптастырудың ең басты тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу бастауыш сыныптарда кез келген пікірталас бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе, математика үшін оның маңызы өте зор, себебі онда бір есептің бір ғана шешімі болғанымен, оған жетудің тәсілдері толып жатыр. Бұл сондай-ақ Қазақстандағы жаңартылған білім беру бағдарламасында басым болып табылатын бірнеше құндылықтар мен дағдыларды, мысалы, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі.
Кестеде көрсетілгендей, төменгі сынып оқушыларына арналған тапсырмаларда әртүрлі ақпарат көздері қолданылады. Алдағы уақытта оқушылар тақырыпты түсіну үшін ақпаратты пайдалана бастайды. 4-сыныпқа қарай оқушылар дәлелдеу дағдыларын пайдаланады, соның нәтижесінде олар жиналған деректердің негізінде өз көзқарасын ортаға салып, талқылауға қатысады.
Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбы белгіленгеннен кейін мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет, диаграмма, график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы «елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен «салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел келтіру» деп аталатын келесі кезең оқушыларға өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате пайымдауларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ идеяларды талқылау және «мақұлдау» үшін барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады.
ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды болып табылады.
Бастауыш сыныпта оқыту оқушыларды төменде аталған мүмкіндіктер есебінен дамытуды көздейді:
• ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну;
• кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын белсенді дамыту;
• өзіндік рефлексия және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
• кез келген өмірлік жағдайда немесе жұмыста кездесетін негізгі жаһандық проблемаларды түсіну және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің ой-пікірі үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады.
• Оқушыларға пән мен тақырып арқылы байланыс орнатуға көмектесу үшін мұғалім мақсатты сұрақ-жауап жүргізе алады;
• Мұғалім оқушыларға портфолиосындағы жұмыстарын тақырыптар бойынша сақтауға ұсына алады, бұл пәнаралық байланысты айқын көруге мүмкіндік береді.
Сабақтарды жоспарлаудың басты аспектісі ретінде оқушыларға пәнаралық байланыс орнатуға көмек көрсетумен қатар, оқушылардың білім-білік дағдыларының артуына қарай жүзеге асырылатын лайықты педагогикалық тәсілдерді таңдау болып табылады. Мысалы, мұғалім оқушылардан пән бойынша білімі мен дағдыларын қолдануын талап ететін проблема шешу тапсырмасын бере алады. Тіпті оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
1. - сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;
2. - оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;
3. - оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;
4. - топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;
5. - оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;
6. - оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру;
7. - оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;
8. - оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою;
9. - оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру;
10. - жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;
11. - оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет