209-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. М. Дулатов не үшін күрескен? 2. «Оян, қазақ!» кітабының негізгі идеясы және оның кітабына енген шығармаларының міндеті не? 3. Ол қазақ жастарын неге шақырды? 4. Ол үкіметтен нені талап етті? 5. М. Дулатов «Қазақ» газетінде не туралы жазды? 6. Қазақтың кең даласында мал бағып жатқан халқын қандай пайдалы іс-әрекетке шақырды, оларды оятудағы мақсаты не еді? 7. Тарихи оқиғалар орын алып жатқан сол кезеңдегі оның басты идеясы не болды? 8. Ә. Бөкейханов не құрды? 9. «Алаш» партиясы қашан құрылды, ол қанша өмір сүрді? 10. Міржақыптың барлық іс-әрекеті, шығармалары кімге арналды және ол барлық күш-жігерін неге жұмсады?
210-тапсырма. Мәтіннен сан есімі бар сөйлемдерді теріп жазып, олардағы сан есімдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Сан есімдерді сөзбен жазыңыздар. Ү л г і : Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Дулатов Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы А. Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта бірі – ұстаз, бірі – ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бірге Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады.
Сан есімдер: Бір мың тоғыз жүз төрт+інші; Бір мың тоғыз жүз бес+інші жылы. «інші» жұрнақтары реттік сан есімдер жасап тұр.
Сан есім (Имя числительное) Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын сан есім деп атайды.
Имя числительное – это часть речи, обозначающее число, количество и порядок следования предметов и отвечающее на вопросы қанша? неше? нешеу? (сколько?), нешінші (который по счету?).
Сан есім лексика-грамматикалық мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді. Олар: