«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер



бет103/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   204
259-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.


260-тапсырма. Мәтіннен көсемше тұлғасында тұрған сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Ү л г і:
М.Әуезов Абайға арнап үлкенді-кішілі мақалалары бар, монографиялық зерттеулері бар, барлығы елуден аса еңбек жаз+ып+ты. Олар: «Абай ақындығының айнасы», «Абай еңбектерінің биік нысанасы», «Абайдың идеялық-мәдени ізденулері» сияқты зерттеулерінде ақын шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері сөз бол+а+ды.
«Жаз» – түбір етістік; «ып»өсемшенің жұрнағы; «ты» – III жақтың жіктік жалғауы; «Жазыпты» сөзі өткен шақ көсемше тұлғасында тұр (III жақ, ол жазыпты). «Бол» – түбір етістік; «а» – ауыспалы шақ көсемше жасап тұрған жұрнақ; «ды» – III жақтың жіктік жалғауы; «болады» сөзі көсемше тұлғасында (ол болады, III жақ) жіктеліп тұр.


261-тапсырма. Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жіктеңіздер.
Ү л г і : Білмей: білмей+мін, білмей+сің, білмей+сіз; білмей+ді; білмей+міз, білмей+сіңдер, білмей+ді.
Айтып, барып, келіп, жібере, бере, көре, сөйлей, болмай, қала, шығара, байқай.
Көсемше (Деепричастие)
Тиянақсыз тұлғада келіп, көмекші етістіктермен тіркесу арқылы күрделі етістік тудыратын етістіктің түрін көсемше деп атайды.
Деепричастие, как и причастие относится к глагольным формам. Оно обозначает второстепенные действия и служит признаком другого действия. Деепричастие отвечает на вопросы қайтіп? (каким образом? ), не істеп отыр? (что делает? ), не істеді? (что сделал? ), не істегелі жатыр? (что собирается делать? ) и т. д.
Көсемшенің жасалу жолдары:
1. Ауыспалы шақ көсемше ( Деепричастие переходного времени ): -а, -е, -й (келме+й, сана+й, көр+е, айт+а, сыз+а, бер+е, біл+е, оқыма+й).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет