«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет111/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   204
282-тапсырма. Көп нүктенің орнына есімшенің тиісті жұрнақтарын қосып жазыңыздар.
Құлақтан кіріп, бойды ал..., Алтау бол..., бес бол...,
Жақсы ән мен тәтті күй. Ішінде абаданы бір бол... .
Көңілге түрлі ой сал... Абаданынан айырылса,
Әнді сүйсең, менше сүй. Олардың әрбіреуі
Әрбір итке жем бол... .
8-апта. 24-тәжірибелік сабақ.
Аралық бақылау жұмысы.
9-апта. 25-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етіс категориясы. Негізгі, өздік, өзгелік етістер.
283-тапсырма. Д. А. Қонаевтың Қазақстан экономикасы мен мәдениетін өркендету жолындағы жасаған еңбектерін өз білетіндеріңізбен толықтырып, мәтінді мазмұндаңыздар.


Мемлекет және қоғам қайраткері, академик –
Дінмұхамед Қонаев (1912-1993)

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.


Верный (қазіргі Алматы) қаласында қызметкердің отбасында өмірге келген. Мәскеудегі Түсті металл алтын институтын бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алады. Ол Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасады, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып қызмет істейді.
Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинатының бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. Қазақстан ғалымдары оны Қазақ КСР ҒА-ның академигі және оның президенті етіп сайлайды.
Д. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады, ширек ғасырға жуық уақыт Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауапты басшылық қызметті атқара жүріп, республикадағы тау-кен ісін дамытуға, еліміздегі ғылымның дамуына үлкен үлес қосты.
Республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар-Екібастұз отын-қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр станциясы, Павлодар трактор зауыты, т.б. кәсіпорындар іске қосылды. Маңғыстаудың мұнай кен орындары игерілді, темір жол құрылысы, көлік түрлері дамыды. Республика титан, магний, синтетика, каучук өндіре бастады. Электротехника, машина жасау, химия салалары тез дамыды. Жезқазған, Маңғыстау және Торғай облыстары шаңырақ көтерді.
Д. Қонаев тау-кен инженері, тау-кен ісі саласының ірі ғалымы, өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне өзінің мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсады. Ел мүддесін, болашақ қамын бір сәтке де естен шығарған емес. Алпысыншы жылдардың басында Н. С. Хрущевтың озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлегін қайта қайтарып алуы да соның айқын бір дәлелі еді.
Д. Қонаев сегіз рет Ленин орденімен марапатталды. Ол еліміздің партия және шаруашылық жұмыстарымен өзінің ғылыми еңбектерін ұштастыра білді. 100-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Д. Қонаевтың қажымай, талмай ұзақ жылдар бойы жасаған ерен еңбегінің нәтижесінде, Қазақстан өзге республикалардан көш ілгері озып, лайықты орынға ие болды. Ғылыми-зерттеулердің жаңа бағыттары көрініс тапты. Ол өз ісіне адал берілген табанды қайраткер. Халық алдындағы парызын абыроймен орындаған абзал азамат 1993 жылғы 22 тамызда, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Сөздік:


тылда жұмыс істеу – работать в тылу
қорғасын – свинец
мырыш – цинк
мүдде – желание; цель; интерес; запросы; намерение
табанды – упорный; стойкий; решительный; настойчивый




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет