«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


-тапсырма. Берілген етістерді жіктеңіздер



бет118/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   204
300-тапсырма. Берілген етістерді жіктеңіздер.
Ү л г і: Сыз+ыс+у: Мен сызыстым, сен сызыстың, сіз сызыстыңыз, ол сызысты. Біз сызыстық, сендер сызыстыңдар, сіздер сызыстыңыздар, олар сызысты.
Жазылу, келісу, киіну, мақтану, ойлану, алысу, қабылдасу, есептесу, жинасу.

301-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, ырықсыз етістің (страдательный залог) жұрнақтарын тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.


Гости приглашены. Письмо отправлено. Белье постирано и выглажено. Квартира убрана. Талгат записался в кружок иностранных языков. Люди собрались на собрание. Дома и деревья покрылись белым снегом. Мы поднялись с первого этажа на второй на эскалаторе. Урок окончен. Я выздоровила. Было выпито много чая. Много книг было прочитано.

302-тапсырма. Етістіктерге ортақ етістің жұрнақтарын қосып жазып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.


Ү л г і: Пісіру; пісір+іс+ті; Асты пісір+іс+ті.
Жабу, ішу, ашу, кесу, алу, әкелу, жуу, үтіктеу, беру, шақыру, жазу, көтеру, жақтасу, ойлау.


303-тапсырма. Сөйлемдердегі етістердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар. .
Тәуелсіздік жарияланған аз уақыттың ішінде елдің іргесін бекітетін біршама игілікті істер атқарылды. Елімізде өз Қарулы күштеріміз құрылды. Әскер – ел қорғаны екенін өз Қарулы күшің бар кезде еркін сезінесің. Қандай қиын заман болса да елін жаудан қорғап, халқына пана болған батырларымыз осы әскердің құрамында қарсыласымен күш сынасқан. Қазіргі әскерлеріміздің 80 пайызға жуығы қазақ жастарынан құралады. Әлемде мойындалған бір шындықтың бар екені белгілі. Қазақстанның әрбір азаматы Отан үшін отқа түсе білсе, ел тыныштығы мәңгі сақталады.


304-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.


Ұстазым Ақжан әл-Машанидың 100 жылдық
мерейтойына арнау

Көңілі бір Сарыарқадай кең еді, Мерейтойға шашу ету ән-жырды,


Іздегені жер астының кені еді. Бабалардан қалған дәстүр бұрынғы.
Шәкірттері атап жатқан бүгінгі, Машановты еске алу, -деп ашалық,
Ұлы ұстаздың 100-ге келген тойы еді. Тойымыздың шымылдығын бүгінгі.
Әл-Машани қазағымның мақтаны, Бейнесі елестейді шың басында,
Ғұлама деп сөз сөйлейміз шаттана. Аңыз боп аты жеткен бір ғасырға.
Білім қадірін түсінетін адамға, Мәңгілік есте қалар есімің, -деп,
Машани ісі жадында қалар жаттала. Арнадым осы жырды ұстазыма.
(М. Нұрпейісова)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет