«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбеков



бет153/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   204
Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбеков
(1966-1988)

Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген.


1986 жылы Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына (қазіргі Сәулет-құрылыс академиясы) оқуға түсті. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында тұтқындалды. 1987 жылдың 16 маусымында өлім жазасына кесілді.
Халықаралық қауымдастық КСРО басшылығынан Қ.Рысқұлбековтың жазасын жеңілдету туралы өтініш жолдады. Кейіннен оған берілген жаза 20 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. Бірақ оның өміріне Семей түрмесінде құпия жағдайда қастандық жасалды.
Қ.Рысқұлбеков Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, 1996 жылдың 9 желтоқсанында оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Қ.Рысқұлбеков ҚР-сы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылдың 21 ақпанындағы шешімімен толықтай ақталды. Алматы қаласындағы Қ.Рысқұлбеков өзі оқыған Сәулет-құрылыс Академиясы тұрған көшеге оның есімі берілген. Тараз қаласында оның есімімен аталатын демалыс бағы бар. Оның орталығындағы алаңда Қ.Рысқұлбековке ескерткіш орнатылған.
12-апта. 36-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Мөлшер, топтау үстеулері.
439-тапсырма. Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолынан мәлімет алып, мәтінді өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.


Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның
тұңғыш Президенті

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті. Туып-өскен жері – Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы.


Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, академик.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пештеріндегі жұмыстарды атқару жолдарынан өтті.
Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә. Назарбаевты Қазақ КСР-ң ең алғашқы Президенті етіп сайлады, 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау өткізілді. Ол 1991 жылы 10 желтоқсанда ҚР-ның Президенті лауазымымен қызметке кірісті.
Н. Ә. Назарбаев ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан мемлекеті өзінің Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл оқиға одақтың күйреуімен байланысты болғанын барша халық жақсы біледі. Әлем халқы бір шындықты ашып берді. Ол – әрбір мемлекет ұлттық мемлекет болғанда ғана саяси, экономикалық, әлеуметтік прогреске жетеді. Мемлекеттік саясат сол елде қанша ұлт өкілдері тұрса, солардың бәрінің де мүддесін қорғайды. Бірақ тұрғылықты халықтың тілі, тарихи қалыптасқан дәстүрі, әдет-ғұрпы, менталитеті шешуші орын алуға тиіс.
Қазақстан халқының жаңа даму жолына бағытты – тарих сілтеді. Ол – демократиялық, өркениетті елдердің өмір жолы еді. Бір кезде уыстан шығып кеткен мемлекеттілікті тарихтың ондаған-жүздеген жылдарынан кейін қалпына келтірудің алғашқы бастамасы 1990 жылдың 25 қазанында Егемендік туралы Деклорацияның қабылдауынан басталды.
Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялау, оны әлем қауымдастығына таныстыруда Н. Назарбаевтың еңбегі шексіз болды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар көптеген уақиғаларға толы болды. Жаңарған Қазақстаның Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны дүниеге келді.
Қазақстан халқы Н. Назарбаевтың басшылығымен ХХІ ғасырға қадам басты. Оның негізгі мақсат-мүддесі «Қазақстан – 2030» стратегиясында тұжырымдалды. Бірде-бір халық, бірде-бір ұлт, бірде-бір мемлекет ұзақ мерзімді жоспарсыз ілгері дами алмайды.
Н. Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам бойы адамзат өміріне қауіп төндіріп келген Семей ядролық полигоны жабылды.
Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін сақтау үшін Н. Назарбаев АҚШ, Ресей, Францияның билеушілерімен келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан алыстатуға (удаление) 1994 жылы келісті. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.
2000 жылдың күзінде мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биікке көтеру мақсатында, бес мемлекеттің басын қосқан Еуразиялық экономикалық одақ құрылды.
Тәуелсіздік алғалы бергі уақытта Н. Назарбаевтың көреген басшылығымен мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік, мәдени құрылыстарды реформалау жүзеге асты. Қазақстанның нарықтық ел екенін әлем мойындады. ЮНЕСКО күнтізбесінде Абайдың 150 жылдық, М. Әуезов пен Қ. Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 150 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының құрметпен аталуы – мәдениет, өнер, ғылым мен дүниетануымызды жаңаша қалыптастыруда.
Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар істер атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек: біріншісі – 1997 жылы Н. Назарбаевтың ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында бүкіл елдің даму, қалыптасу стратегиясы жасалынды, таяу болашақта қол жеткізетін жетістіктерді белгіледі. Ал, жаңа Астана еліміздің болашағының символына айналғанына ешкімнің күмәні жоқ.
Кезінде біреу білсе, біреу білмеген Ақмола-Целиноград атаулары тарих еншісіне айналды. Ал бүгінгі Астанада Н. Назарбаев ірі мемлекеттердің басшыларымен келіссөздер жүргізіп, кездесулер өткізіп, Қазақстанды әлемге танытуда, Қазақстан әлемді тануда.
Көреген саясаткер ретінде Н. Ә. Назарбаевтың халық алдында сіңірген тарихи еңбегі уақыт өткен сайын айқындалып, бағасы арта түсуде.


Сөздік:
аластау – удаление; гонение; изгнание; изгонять
аластату – удалить; отстранить; изгнать




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет