«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет161/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   204
Способ образования:
Путем прибавления к причастию суффиксов: -ша, -ше. М.: Мен кел-ген-ше, сен үйде отыр. (Пока я не приду, сиди дома).
От исходной формы глагола с послелогом (тұйық етістіктен кейін үшін шылауының келуі арқылы) үшін. М.: Институтқа ерте жету үшін, біз тез жүрдік. (Для того, чтобы пораньше прийти в институт, мы шли быстро).
От повелительной, условной, желательной форм глагола со вспомогательным словом деп. М.: Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді. (Чтобы сын хорошо учился, отец принес ему много книг).


460-тапсырма. Көп нүктелердің орнына мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарларын тиісті орындарына қойып жазыңыздар.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1926 жылы Қарсақбайға ...................., оның алдында Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кен байлықтарын іздеу мен геологиялық барлау жұмыстарын жаңа техникамен кеңінен жүргізу тәрізді аса маңызды міндет тұрды. Шоқан Уәлиханов сияқты ауыз әдебиетін зерттеуді Қ. И. Сәтбаев Баянауылда ....................., студент кезінен-ақ бастап жалғастырды. Қ. И. Сәтбаев «Мыс, көмір, темір, марганец рудалары және Жезқазған-Ұлытау ауданының басқа да қазба байлықтары» атты тақырыпта баяндама ..............., 1934 жылының қараша айында Одақтық Ғылым Академиясының сессиясына қатысты. Орта Азия халықтары, көне Персия ғалымдары күн мен түннің теңелетін уақытын, күнін, сағатына, .................. .................., тура астрономиялық дәлдікпен есептеп шығарған.
Сөйлемдерді толықтыруға керекті мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарлары: келгенде, жүргенде, жасағалы, минутына дейін.


461-тапсырма. «Алтын адам» туралы мәтінді мұқият оқып, тарихи деректермен танысып, мазмұндаңыздар.


« А л т ы н а д а м »

Әлем жұртшылығы тарихи деректер мен мұраларға қашанда үлкен қызығушылықпен қарайды. Жаһан жұртшылығының басым бөлігі туристік сапарға шыға қалса, міндетті түрде тарихи бай өлкелерге барады. Басқа елдердегі сияқты, Қазақстан жерінде де көптеген археологиялық қазбалар табылған. Көне қалалардың орны халқымыздың бай тарихынан мәлімет бергендей.


Ал, күні бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз, Түркістан сияқты сан ғасырлық тарихы бар қалалар көптеген туристердің таңдана отырып аралайтын мекеніне айналған.
Археологиялық қазбаларға келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала орындары, зираттар, мешіт-медреселер кең байтақ отанымыздың түкпір-түкпірінен табылған.
Ал, Алматы облысындағы Есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде, алыс-жақын елдердің барлығы елең еткен-ді. Бұл 1970 жыл болатын. Археологиялық құндылықты тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышев, басқа да ғалымдармен кеңесе отырып, бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді.
«Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі адамның, сонан соң оның елінің дәулетін көрсетсе, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның қыр-сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін айқындай тын сияқты. «Алтын адам» Алматыдағы Орталық мұражайға қойылды. Кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдердегі көрмелерге де шығарылды. Оңтүстік астананың орталық алаңындағы (Республика алаңы) «Тәуелсіздік» монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам».
Қазіргі кезге дейін бұдан басқа тағы екі «Алтын адам» табылды. 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Оны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген адамды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген.
Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы оны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл «Алтын адам» б.д.д. VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң-құс белгілеріне қарағанда, сақ патшасына келетін бұл адам әлі де зерттелу үстінде.
Міне, күні бүгінге дейін бір емес, үш «Алтын адам» табылды. Ұлан байтақ Қазақстанның жерінде әлі қанша «Алтын адамның» жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың еншісінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет