«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет152/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   204
Желтоқсан шындығын ашқан
халық жанашыры – Мұхтар Шаханов

Ел басына күн туған 1986 жыл. Ызғарлы желтоқсанның 16, 17, 18 күндері. Ұлтымыздың сыйлы перзенті, дара тұлға Дінмұхамед Қонаев Қазақстанды басқару қызметінен алынып, орнына өзге ұлттың өкілі Геннадий Колбин тағайындалды. Бұл хабар қазақ жастарының намысына тиді. Билік басындағы бұл шешім Алматыдағы жоғары оқу орындарына лезде тарады.


Алғашында «Әр ұлтқа өз басшысы» деген мазмұндағы жазулар көтерген бейбіт шеруге шыққан жастар кешке резеңке дойыр (резиновая дубинка) мен сапер күректерімен қаруланған қызыл жендеттердің езгісінде қалды. Сол кездегі деректерге жүгінсек, үш күнде 60 мыңдай адам алаңға шыққан, оның сегіз мыңы уақытша қамауға алынып, 200-дей адам әр түрлі мерзімге абақтыға жабылды. 1500 адам әкімшілік жазаға тартылды.
Осындай кезеңде жастарға мұз жастанған желтоқсан ақиқатын айтатын адам табылмай қиналғанда, қызыл империяның отаны – Мәскеуде үлкен мінбеден шындықты айтып, әділетсіздікке жаны күйзеле сөз сөйлеген қазақтың дарынды ақыны, біртуар азаматы, халықтың жанашыры – Мұхтар Шаханов болатын. Оның съездер сарайында сөйлеген сөзі арқылы да Желтоқсан көтерілісі бүкіл дүниежүзіне тарады.
КПСС ХХІІІ съезінің мінбесінде Желтоқсан шындығын ашып айтып, оны қайта қарап, оң баға беру туралы депутаттар алдына мәселе қойды. Көпшілік дауыс М.Шахановты қолдап шықты. Осылай әділдік салтанат құрып, желтоқсанда жазықсыз жазаланған жастар толық ақталды.
Бұл сол кездегі Кеңес Одағы бойынша жүріп жатқан Қайта құру науқанының да әсері болғанын көрсетіп берді.
М.Шахановтың дәл мұндай әрекетке баруы батырлық, үлкен ерлік еді! Отанын, халқын сүйеген патриоттың ісі еді. Сол күндері ұлт жастарының жалғыз жанашыры М.Шаханов қана болып қалғанын бүгінде ешкім жоққа шығара алмайды.
Ақын Желтоқсан көтерілісін тек мінбеден ғана айтып қойған жоқ, сол желтоқсан құрбаны болғандармен өзі тікелей араласып, түрмеден шығарып алды. Оқудан шығарылғандарды, жұмыстан қуылғандарды қайтадан қабылдатқызды. Ерекше істерімен танылғандарға, баспана алуға көмектесті.
М.Шаханов адамзат баласының тағдырына алаңдамай тұра алмайтын дара талант. Оның өлеңдерінің тақырыбы әр алуан, мазмұны да ерекше. Онда нәзік мейіріммен қоса, азаматтық рух үндесін жатады.
Әлем таныған Шыңғыс Айтматовпен «Құз басындағы аңшының зары» кітабын жазуы да тағылымды тірлік.
Бүгінгі таңдағы бірнеше өлең кітаптарының авторы М.Шаханов халқының жанашыры, ірі тұлға, ел тағдырын өз тағдырына айналдырған қоғам қайраткері, саясаткер.
М.Шахановты мақтағаннан гөрі, Шахановпен мақтанған абзал.

Сөздік:


ызғарлы – суровый; холодный
бейбіт шеру – мирное шествование
резеңке дойыр – резиновая дубинка
сапер күректер – саперные лопаты
мұз жастанған желтоқсан – в обьятьях ледового декабря
тағлымды тірлік – поучительное дело

438-тапсырма. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков туралы мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыздар. Ызғарлы Желтоқсан көтерілісін естеріңізге түсіріңіздер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет