«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б
476-тапсырма. Екі жай сөйлемнен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар. 1. Әбу Насыр елімен қоштасты. Ол оқуға аттанды. 2. Жиырма жасар Әбу Насыр сауда керуеніне ерді. Бағдаттағы «Даналық үйіне» аттанды. 3. Олар алыстағы елдерді аралады. Әбу Насыр сол сапарынан Фарабқа оралды. 4. Мына мақаланы тез жазды. Баспаға наурыздың аяғына дейін тапсырыңыздар. 5. Мен көп ойланған жоқпын. Бірден келістім. 6. Қасым Қазақстанда болды. Қазақ тілінен білімін жетілдірді. 7. Ала сауысқан бұтаққа қонбады. Шықылықтап ұша берді. 477-тапсырма. Себеп және қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын көрсетілген торларда көрсетіңіздер. Себеп бағыныңқылы * * * * * Қимыл-сын бағыныңқылы 478-тапсырма. Берілген сөздермен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар. Орындайтын+дай, жоспарла+п, сақта+п, кел+е, табылатын+дай, күтетін+дей, жина+й, бар+а, ал+ып, қайт+ып, бітір+іп. 479-тапсырма. Төмендегі сөздермен себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар. Келмейтін+діктен, танымайтын+дықтан, ұсынған себепті, барған соң, айтқан соң, қатысқан+дықтан, сағынған себепті, білетін+діктен. жүктеу/скачать 1,66 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |