«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет184/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   204
14-апта. 42-тәжірибелік сабақ
Грамматика : Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер.
528-тапсырма. ХХІ ғасырдағы үлкен проблема – экология мәселесі. Арал, Алматының экологиялық жағдайлары туралы мәтіндерді мұқият оқып, өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.


Қазіргі экологиялық жағдайлар. Арал экологиясы.
Алматы қаласының экологиясы


Қазіргі экологиялық жағдайлар. Қазіргі кезеңдегі шиеленісіп отырған экологиялық мәселелерге байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр. Жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттары болуда. Оған топырақтың құнарсыздануына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған экожүйелерді, өзен мен көлдердің тартылуын, климаттағы өзгерістерді, қуаңшылықты, фауна мен флораның азаюын, т.б. көптеген табиғат факторларын мысал ретінде келтіруге болады.
Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылуда.Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйінде заттар шығарылып, су, ауа, топырақ, сапасын төмендетті.
Өнеркәсіп, зауыт, жылу қазандықтары, автокөліктер, ұшақтар жұмыс істегенде химиялық зиянды заттар бөлініп отырады. Олар – қатты, сұйық, газ күйінде болуы мүмкін. Сондықтан өзен, көл суын қайнатпай ішуге, жеміс-жидекті жумай жеуге болмайды. Әсіресе, ірі қалаларда, өнеркәсібі дамыған жерлерде, зауыт, фабрикалар маңында зиянды заттардың мөлшері шамадан тыс көп болады.
Улы заттардың қатарында темекі мен есірткі заттар да жатады. Темекіні жиі тарту өкпе мен қолқаның созылмалы ауруына, өкпе жолдарының қатерлі ісік ауруларына апарып соғады. Есірткі заттары да қолқа мен өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызды.


Сөздік:
құнарсыз – бесплодный; неплодородный;
қолқа – аорта
қолқа жырығы – отверствие аорты
өнеркәсіп – промышленность; промышленный


529-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оларды рөлге бөліп оқыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет