«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


-тапсырма. Төмендегі тақырыптарға реферат жазыңыздар



бет185/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   204
530-тапсырма. Төмендегі тақырыптарға реферат жазыңыздар.
1. Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық және радиациялық
ластануының себептері және олардан қорғану шаралары.
2. Ластану көздері.
3. Зиянды қалдықтар.
4. Каспий өңірінің экологиялық мәселелері.
5. Атырау және Маңғыстау өңірінің экологиясы.
6. Солтүстік-шығыс облыстарының экологиясы.
7. Оңтүстік аймақтардың экологиясы.


531-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерін қатыстырып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Экологиялық мәселелер, табиғат апаттары, топырақтың құнарсыздануы, өнеркәсіп, құрғақшылық, су, ауа, топырақ, химиялық зиянды заттар, сұйық газ, зауыт, фабрика.


532-тапсырма.Түсіндірме сөздікті пайдаланып, экология саласынан он терминге түсініктеме жазып, олардың мағынасын түсіндіріп беріңіздер.


533-тапсырма. Ұлы тұлғалардың табиғатты қорғау, экологиялық проблемалар туралы айтқан өсиетті сөздерінің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ


ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.
( Шыңғыс Айтматов)
Табиғаттың әр беті – терең мағынаға толы кітап.
( И.Гете)
Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.
( Шоқан Уәлиханов)
Табиғатты қорғау мәселелерінде ведомстволық көзқарасқа, өткінші
тиімділікке төзуге тіпті де болмайды.
( Шыңғыс Айтматов)
Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды ...
Табиғат адамды қайырымдылыққа, бір мақсатқа ұмтылатын сұлу
жан етіп тәрбиелейді. Ол – денсаулық, шабыт және
шығармашылықтың қайнар көзі.
( П.И. Мартковский)
Жер мәселесі – өмір мәселесінің ең зоры, оны шешен ақылмен,
сабырмен шешкен дұрыс.
( Ә.Бөкейханов)


Қарсылықты жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
Құрамындағы жай сөйлемдердегі істің, оқиғаның өзара қарама-қарсы мәнде жұмсалатынын білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.
Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара іргелес тұрып та, жалғаулық шылаулар арқылы да байланыса береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет