«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар



бет187/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   204
535-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Қоршаған орта, табиғатты қорғау, жұқпалы аурулар, табиғатты қорғау, қалпына келтіру, су толтыру, қаржыландырып отыру, кішірейіп кетті, шөл далаға айналды.


536-тапсырма. Дұрыс нұсқасын табыңыздар.
1. Қарсылықты салалас : 2. Кезектес салалас:
а) әйтсе де, үшін, кейін, дегенмен а) өйткені, алайда, дегенмен
ә) бірде, деп, соң, -дықтан ә) сол себепті, дейін, -діктен
б) бірақ, сонда да, алайда, дегенмен б) бірде, кейде, біресе
в) неге десеңіз, шейін, кейін, соң в) -йынша, -йінше, біресе, және


3. Ыңғайлас салалас: 4. Себеп- салдар салалас:
а) кейде, сондықтан, алайда а) -ғалы, -гелі,- хана, өйткені
ә) -да, -де, -деп, соң, үшін ә) алайда, әйтсе де, және
б) және, -да, -де, -та, -те б) сондықтан, сол себепті,
в) неге десеңіз, -йінше, үшін в) бірақ, әсіресе, соң, дейін


537-тапсырма. Сөйлемдерден қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер.
Жандарал Абайға көз қиығын тастап, «осының өзі істеп отыр ма, тағы бір айласы ма жұмбақты қазақтың», - деп ойлап еді, бірақ Абайдың түрінде қатты таңданғандықтан басқа ешбір белгі жоқ екен. Шаршайтын орайым бар еді, бірақ бүгін көрген бір қызығым күні бойғы жол азығым болып, шаршағанымды білдірмеді. Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді, бірақ әлі тұрған жоқ. Қазақтың моңғолдан шыққандығы ұят емес, бірақ біздің білімсіз, ғылымсыз қалмақтығымыз ұят ( Абай). Қалыбек артынан ілесіп, аяғынан шалған болады, бірақ өзі құлап түседі. Сара ки-ки Қажымұқанның құлағын тістей жармасты, дегенмен күш атасы Қажымұқан жапон палуанын қос қолдап көтеріп алды да, жерге алып ұрды.


538-тапсырма. Сөйлемдердің негізгі мағынасын сақтай отырып, олармен қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет