562-тапсырма. Мәтіннен бірнеше сөйлемді алып, оның негізгі мағынасын сақтай отырып, одағайы бар сөйлемдер жасаңыздар.
Одағай (Междометие)
Дербес мағынасы жоқ, адамның алуан түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз табын одағай деп атайды.
Мысалы: Япырым-ау, қайда сол күндер?! Аухау-аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді.
Междометие – это часть речи. Междометиями называются неизменяемые слова, служащие для передачи различного рода чувств, эмоций, переживаний, боль, тоску, радость, удивление, гнев и так далее. Междометие отдельно не имеет лексического значения.
Междометия по значению делятся на 4 вида:
1. Көңіл-күй одағайлары (Эмоциональные междометия);
2. Жекіру, ишарат одағайлары (Императивные междометия);
3. Шақыру одағайлары (Призывные междометия);
4. Тұрмыс-салт одағайлары (Бытовые междометия).
563-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, ондағы одағайлардың оқылуына назар аударыңыздар.
Ах, как сегодня чудесно! Ох, что теперь будет? Ура, мы идем на каникулы! Ой, какая у кошки мягкая шерсть! Э, тогда ты будешь волком. Эй, иди сюда! Большое спасибо, друг мой! Эй, прекрати говорить!
564-тапсырма. Одағайларды тауып, мәнерлеп оқыңыздар.
Па, шіркін, жер деп осыны айтсаңшы! Ой, мынау әнші екен ғой! Мынаның дауысы қандай, ей! Қарағым-ау, босағада тұрғаның не, үйге кірсеңші! Қап, әлгі әртіс қызды мына Жанай ағасына көрсететін едім. Әттең, кетіп қалғанын қарашы! Уһ, осындай семсерім болып, мен де кезінде Ұлы Отан соғысына барсам ғой! Бәрекелді, көп жаса, балам! Жолың болсын! Моһ-моһ, іше ғой! Уһ, жүктің ауырын-ай! Пай-пай! Шіркін, қазақтың келіндері-ай! Бәрекелді, жаңа бір күш біткендей болды!
565-тапсырма. Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәнімен танысып, өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.
Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәні
Айт исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Олар: ораза айт, құрбан айт деп аталады. Айт – Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін болады. Ораза айын «рамазан айы» деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Айт күндері: – Айт құтты болсын!
– Айтсын, жақсылығы бірге болсын (Б. Майлин),-деп құттықтап жатады.
Оразаның мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғатта ораза ұстаған адам таң азаннан бастап, күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтану керектігі айтылған.
Рамазан айында ең басты діни амал (ауыз бекіту) – ораза болып табылады. Ораза ұстаған адам ораза кезінде жеуден, ішуден, темекі шегуден бас тартуы керек. Сонымен қатар, рамазан мезгілінде мұсылмандар ислам қағидаларын тиянақты орындауға, құмарлық сезімдерден бас тартуға, зорлық-зомбылықтан сақтануға, ашу, қызғаныш, дүниеқорлық, қанағатсыздық сияқты нәрселерге жол бермеуге тиіс. Ұрсысу, өсек тасудан сақтану қажет.
Рамазан кезінде адамдар тату-тәтті, ынтымақты, бейбітшілікте өмір сүреді деп күтіледі. Барлық ерсі, өрескел әдеттен аулақ болып, жан, ар тазалығын сақтау маңызды болып саналады. Оразаның негізгі мақсаты – тіршіліктегі барлық жамандықтан арылып, адамның ішкі жан-дүниесінің тазаруы болып табылады.
Ораза – тазалыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, өтірік-өсек айтпауға, татулыққа, ауызбірліке, достыққа, кешірімшіл болуға тәрбиелейді.
Отыз күн ораза біткеннен кейін рамазан айының жалғасы ретінде үш күн ораза айт мейрамы өтеді. Орза айттың бірінші күні мұсылмандар мешітке барып, айт намазын оқиды.
Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң Құрбан айт мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» деп аталуының себебі – осы айтта құрбандық шалынады, сондықтан құрбандық шалу мерекесі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |