Берілген одағайларды тиісті түрлеріне бөліп жазыңыздар: Бәрекелді, әттеген-ай, әттең, алақай, беу, қап, әй, ей, өу, уһ, пай-пай, ойпыр-ай, бәсе, түу, аһ, өй, тәйт, тек, жә, құрау-құрау, шөре-шөре, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, қош-қош.
Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
1. «Қазақ елі» монументінің биіктігі нені білдіреді?
А. Қазақ халқының кешегісі мен бүгінгісін.
Ә. Ұлтаралық татулықты.
Б. Әрі қарай дамуға ұмтылысты.
В. Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылды.
Г. Халықтың ерлігі мен күш жігерін.
2. «Тәуелсіздік» монументіндегі жас сарбаздардың сұсты, айбарлы
тұлғасы нені аңғартады?
А. Ұлт-азаттық қозғалыстың көрінісін.
Ә. Тәуелсіздікке дейінгі кезеңдерді.
Б. «Тәуелсіздік» монументінің беріктігін, мықтылығын.
В. Қазақ халқының тарихи өмірін.
Г. Сәулетшілік өнерді.
3. «Тіл туралы» Заңда не және қашан қабылданды, бекітілді?
А. 1989 жылы ҚР-да мемлекеттік тілдің бекітілуі.
Ә. 1992 жылғы мемлекеттік комитеттің құрылуы.
Б. 1987 жылғы еліміздің тарихи құжаты.
В. Мемлекетті қарусыз мемлекетке айналдыру.
Г. ҚР-сы деп атау туралы шешім.
4. Астана қаласы қай жылы ҚР-ның астанасы болып жарияланды?
А. 1990
Ә. 1993
Б. 1995
В. 1980
Г. 1997
5. Бүкілхалықтық сайлауда ҚР-ның Президентін екінші рет қай
жылы сайлады?
А. 1995
Ә. 1992
Б. 1994
В. 1999
Г. 1996
6. Семей ядролық полигоны қай жылы жабылды?
А. 1993
Ә. 1996
Б. 1991
В. 1995
Г. 1998
7. Күй атасы Құрманғазының күйлері кімге арналған?
А. Қазақ халқын қанаушылыққа қарсы күреске, халықтың жоғын
жоқтауға.
Ә. Саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуге.
Б. Елдегі салт-дәстүрді реттеуге.
В. Халықты сыртқы жаудан қорғауға.
Г. Халықтың ішкі дауын болдырмауға.
8. Көшпелі қазақ халқының тұрмысындағы ең басты рөл атқарған
зат не?
А. Қыш, фарфор, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ.
Ә. Әр түрлі бұйымдар.
Б. Киізден жасалған бұйымдар.
В. Ескерткіштер.
Г. Мүсін туындылары.
Достарыңызбен бөлісу: |