558-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. Бала тәрбиесіне байланысты айтылған қандай халық даналығын білесіздер? 2. Ол айтылған даналық-құндылықтардың мағынасын қалай түсінесіздер? 3. Баланы тәрбиелеуді қай уақыттан бастау керек? 4. Тәрбиенің негізгі мақсаты не? 5. Рухани тәрбие нені қалыптастырады? 6. Баланың санасы қай кезден қалыптасады? 7. Мақал-мәтел, қанатты, өсиетті сөздердің, ертегілердің баланы тәрбиелеудегі маңызы қандай? 8. Адамгершілік тақырыбы туралы не айтасыздар?
559-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.
Ү л г і: – Қазақ халқының салт-дәстүрлеріндегі бала тәрбиесіне байланысты зерттеулер,
әдеби басылымдар бар ма?
– Қазақ халқының салт-дәстүрлеріндегі бала тәрбиесіне байланысты соңғы
жалдарда көптеген ғылыми-көпшілік, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер жарық
көрді.
560-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар. Өмірдің жалғасы, адамзат, бала, адалдық, мейірімділік, отбасы, қарым-қатынас, негізгі міндет, дағды, мақал-мәтел, халық даналығы, құндылықтар, салт-дәстүр, кішіпейілділік.
561-тапсырма. Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүр қандай мән-мағына береді? Жауаптарыңызды көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.