16-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіндегі етістіктерді бір бағанаға келер шақ формасына салып, екінші бағанаға өткен шақ формасына салып бөліп жазыңыздар да, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар. Ү л г і: Қарастырылу: қарастырыл+ған ( бұрынғы өткен шақ ); Үш
кезеңге бөлініп қарастырыл+ған. Болу: бол+ды; ауыр бол+ды.
17-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі өткен, келер шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.
18-тапсырма. Мәтіннен алынған сөздер сөз тіркестерін бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер. металлургия а) жерлерді игеру
әскери ә) интеллигенция өкілдері
радиоактивті б) шек қойылды
т ың және тыңайған в) бағындырылды
ұлттың г) қоры
қазақ ғ) төмендеді
ұлттық санаға д) өнеркәсіп
тікелей Мәскеуге е) зиялылары
қоғамдық тұтыну ж) газдар
тұрмыс-жағдайы з) флагманы
19-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар. Етістіктің өткен шақ категориясының жұрнақтарын тауып, олардың астын сызып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан (жалғасы). ХХ ғасырдың 70-80 жылдары Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және шәкіртақы төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмаслды. Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс-дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені, мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы және т.б. халықтың тұрмыс-жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Еңбек ақы төлем жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырлған жоқ. 80-жылдардың ортасында Республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.