22-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті өткен шақтың (жедел, бұрынғы, ауыспалы) жұрнақтарын қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан (жалғасы). 1970-80 жылдары Қазақстан ғылым саласында біраз табыстарға қол жеткіз... . Республика ҒА-ның бірсыпыра ғылыми-зерттеулерін дүние жүзі таны... . Осы жылдары «Қазақ ССР тарихы», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақстанның металлогениясы», т.б. іргелі зерттеулер жарық көр... . Әл-Фарабидің, Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға бол... . Алайда, Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да бол... . Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып кел... . Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізбей қойма... .