«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Мәңгілік Ел – мұратым»



бет5/5
Дата19.10.2023
өлшемі28,41 Kb.
#119447
1   2   3   4   5
Байланысты:
тжб қт номер 1 10сынып қгб

Барлығы

10



Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай дұрыс қолданыңыз.
[10]
1.Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз - бірлікте екені хақ, олай болса, келешекте қазақ елін әлем бойынша алғашқы қатардан көруіміз мүмкін бе? Оқырманға әсер қалдыратындай етіп баяндама жазыңыз.

2. Қазақстан ұсынған бейбітшілік пен қауіпсіздік тұрғысындағы бастамалар әлем назарын өзіне аударғаны белгілі. Жаһандық мәселелерді шешуде Қазақстанның орны қандай? Өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз. (150-200 сөз)


Жазылым



Балл

Сипаттамасы

9-10

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады. Ойын еркін әрі толық беруде, күрделі әсерлерді жеткізе алады, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

7-8

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданады. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір орфографиялық қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қанағаттанарлық деңгейде қолданады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, орфографиялық қателер, мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы жалпы әсерді бұзады.

3-4

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолдануға тырысады. Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.
Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1-2

Қолданған тілдік құралдары жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай емес. Сөздер кейде анық емес, орфографиялық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет