"Қазақ тілі" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттарының жүйесі
"Қазақ тілі" пәнінен барлығы болып жеті жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары бар. Олардың төртеуі оқыту қазақ тіліндегі мектептерге арналған болса («Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы», «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы», «Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы», «Жалпы орта білім беру деңгейінің
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған
«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы»), үшеуі оқыту қазақ тілінде емес мектептерге арналған («Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы», «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы», «Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)»). Оқыту қазақ тілінде емес мектептердегі қазақ тілі пәні қазақ әдебиеті пәнімен кіріктірілген.
Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға баса назар аударылғандықтан, бұл оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушыларда төрт сөйлеу әрекетінің түрлерін немесе тілдік (коммуникативтік) дағдыларды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамытуға негізіделген. Оқу бағдарламаларындағы үшінші тарау «Оқу мақсаттарының жүйесі» деп аталады. Бұл тарауда жоғарыда аталған тілдік дағдыларды қалыптастыратын және дамытатын оқу мақсаттары жүйелі түрде, спиральділік қағидатын сақтай отырып, кестеде берілген. Әр бір негізгі дағды (бағдарламада «бөлім» деп аталған) қосымша дағдыларды (бағдарламада «бөлімше» деп аталған) өз ішіне алады. М., «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында» әр негізгі дағды ішінде төмендегідей қосымша дағдылар берілген:
Тыңдалым және айтылым (оқыту қазақ тіліндегі мектептерде бұл екі дағды бірге алынған) ішінде: болжау; әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау; мәтіннен ақпаратты анықтау; негізгі ойды анықтау; тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау; сөйлеу мәдениетін дамыту.
«Оқылым» негізгі дағдысының ішінде: ақпаратты түсіну; мәтіннің стильдік ерекшелігін тану; мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату; мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу; мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау; оқылым стратегияларын қолдану; әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
«Жазылым» негізгі дағдысының ішінде: жоспар құру; әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну; эссе жазу; оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу; мәтіндерді түзету және редакциялау.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі»болса, келесі бөлімшелерден тұрады:
орфографиялық норма; орфоэпиялық норма; лексикалық норма; грамматикалық норма; пунктуациялық норма.
Жоғарыдағы қосымша дағдылардан тыңдалымдың тек дыбыстарды қабылдау, оқылымдың әріптерді дыбыстау, жазылымдың тек диктант емес екендігін көруге болады.
Оқу мақсаттары оқушылар бойында әр бір қосымша дағдыны біртіндеп қалыптастыруға бағытталған. Мысал үшін «Тыңдалым және айтылым» негізгі дағдысындағы «болжау» қосымша дағдысын қалыптастыру бойынша берілген оқу мақсаттарына көз жүгіртіп көрейік:
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
5-сынып
|
6-сынып
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
11-сынып
|
болжау
|
2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
|
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
|
4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу
|
5.1.1.1
тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрация лар арқылы тақырыпты болжау
|
6.1.1.1
мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау
|
7.1.1.1
мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау
|
8.1.1.1
мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау
|
9.1.1.1
мәтін мазмұны бойынша дайындал ған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқа мен салыстыру
|
10.1.1.1 - . мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
|
11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу
|
Бұл кестедегі оқу мақсаттары «болжау» қосымша дағдысын белгілі бір тақырыптар бойынша берілген мәтіндер негізінде 2 сыныптан 11 сыныпқа дейін біртіндеп қалыптастыру қадамдарын көрсетеді.
Оқу бағдарламасында жоғарыда аталған әр бір қосымша дағды бойынша дәл осылай спиральділік қағидаты негізінде оқу мақсаттарының жүйесі берілген.
Бұл жерде оқу мақсаттары жүйесінің халықаралық озық тәжірибелер негізінде жасалғанын да ерекше атап өткен артық болмайды.
Мұғалім Оқу бағдарламаларындағы осы оқу мақсаттарының жүйесін талдап, терең түсініп алмайынша, жаңартылған мазмұндағы білім берудің негізгі мәнін, философиясын, идеологиясын жүзеге асыруы қиын болады.
Р. У. Арзиев
Достарыңызбен бөлісу: |