Pisa халықаралық зерттеу нәтижесі



бет1/4
Дата09.10.2024
өлшемі26,25 Kb.
#147498
  1   2   3   4
Байланысты:
1-дәріс. Кіріспе


PISA халықаралық зерттеу нәтижесі

  1. слайд. Құрметті әріптес, Сіздің назарыңызға ұсынылып отырған курс оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен креативті ойлауын дамыту тұрғысынан мұғалім тәжірибесін талдауға және қайта қарастыруға бағытталған. 15 жастағы оқушылардың білімін тексеруге арналған халықаралық тестілеу үш жылда бір рет өткізіледі және оқушылардың білім алудағы жетістіктерін бағалайды. Әрбір кезекті тестілеу шеңберінде белгілі бір дағдыға баса назар аударылады.

2022 жылғы PISA зерттеуінің жаңа цикліне 88 ел қатысады. Бұл циклдегі зерттеудің негізгі бағыты математикалық сауаттылық болады. Бұл зерттеу әртүрлі елдердің білім беру жүйелері оқушыларды математиканы жеке өмірінде, қоғамдық ортада және кәсіби қызметте қолдануға қаншалықты тиімді даярлайтынын бағалайтын болады. Математикалық сауаттылықты анықтауда математиканы әртүрлі мәнмәтіндегі практикалық міндеттерді шешуде қолдануға баса назар аударылады. 2022 жылы өткізілетін PISA зерттеуінің тұжырымдамасында «математикалық сауаттылық» түсінігінің маңызды құрамдас бөлігі математикалық ойлау болып табылады.



  1. слайд. 2022 жылғы PISA зерттеуі әртүрлі елдердің өз білім беру бағдарламаларына информатиканы қалай енгізгенін жан-жақты қарастыратын алғашқы зерттеу болмақ. 2015 жылдан бастап PISA зерттеуі аясында тестілеудің компьютерлік форматта жүзеге асырылуы бірқатар елдер бойынша зерттеу нәтижелерінің төмендеуіне алып келген, себебі бұл оқушыларың АКТ дағдыларының жоғары болуын талап етеді. 2018 жылы зерттеуге қатысқан қазақстандық оқушылардың оқу нәтижелерінің төмен болуы себептерінің бірі ретінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тестілеудің компьютерлік форматта болуын атаған болатын. Бірқатар оқушыларға тапсырмаларды орындаудың қиынға соғуының себебі барлық оқушылардың алгоритмдер табиғатын түсіне бермеуіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай оқушылар тек білу және түсіну деңгейін бағалайтын ең қарапайым, стандартты тапсырмаларды ғана орындай алуы мүмкін. Сонымен қатар бұған дейінгі тестілеу нәтижелері оқушылардың ең қарапайым мәтіндерді талдау дағдыларының нашар екендігін көрсетті. Оқушылар көбіне сандық технологияларды пайдалану арқылы шолып оқуға дағдылануы салдарынан сөздер тізбегін оқи отырып, мәтіннің мазмұндық байланысын байқай алмайды. Бір жағынан, ақпараттың көбірек көлемі қамтылады, ал екінші жағынан, оқушы мәтіннің мазмұнына тереңдей алмай, ақпаратты үстірт қабылдайды.




  1. слайд. Алдыңғы тестілеу нәтижелеріне назар аударатын болсақ, қазақстандық оқушылар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) оқушылардың білім жетістіктерін бағалау шеңберінде орташадан төмен нәтижелер көрсеткен.

2018 жылғы тапсырмаларда:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет