«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


енді оны өмір бойы құлдықта ұстауды ойлайды.Өзіне қажеттінің барлығын ақшаға сатып



Pdf көрінісі
бет65/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   133
енді оны өмір бойы құлдықта ұстауды ойлайды.Өзіне қажеттінің барлығын ақшаға сатып 
алуға болады деген дүлей сенімге келіп, біржола байлықтың түбіне түскен. Бұл мақсатына 
жету үшін Ерік Алтайдың жомарт табиғаты аямай бертін бар байлықты: жан-жануарын, аң-
құсын, қарағай, балын, егер мүмкін болса тауын тас-топырағымен, орман-тоғайын тамыр-
жапырағымен қаладан вертолетпен келетін тамыры Прохор деген дәл өзіндей сұмдарға 
сатып жіберуге дайын. Мұның бойында туған жердің табиғатына жан ашу, елдің қажетін 
ойлау, жұрттың алға басуына немесе мемлекеттің мүддесіне қызмет ету дейтін сезім-
түйсіктің нышаны да жоқ. Тіпті туған анасы мен жарына да жаны ашымайтын, түпкі 
мағынасын өзі де түсіне бермейтін беймәлім мақсатына ерекше тоңмойын, тасырлықпен 
ұмтылады. Шығармада шартты түрде біз талдап отырған үш арнаның ішінде зиянды, кері 
тартқан, регрестік, әділдікке емес зұлымдыққа, қайырымға емес қиянатқа, дамуға емес 
анархияға апаратын апатты бағыттың уәкілі. Бәлкім, бұған артында қалар ұрпағының да 
керек еместігі сондықтан.«Атау кере» елімізге нарық заманы енді ғана келе бастаған 
уақытта жазылғанын ескергенде, автордың Ерік бейнесі арқылы қоғамда «бәрін сатуға, 
бәрін сатып алуға болады» деген көрсоқыр, аса қатерлі, адамдыққа да жаратылысқа да 
қайшы көзқарастың жаппай етек алуынан алдын-ала сақтандырғаны хақ. Ал, Еріктің 
ақырында бүкіл тірлігі баянсыз болып, тіпті адам емес, жәндік-сонаға айналып қорлық, 
мазақ күйде өлуі заңдылықтай қабылданады. Иә, ол өзі таңдап алған оңай жолдың, жат, 
арамза тірліктің құрбаны болды. Табиғат ананың омырауын суалғанша сорып, жаратылыс 
тегін беретін байлықты өзгеден бұрын, өзгелерден тез тартып алу үшін Ерік қолынан 
келгенін аянбады, тіпті сонау мұхиттың арғы жағындағы тұқымы бөлек, өлермен, 
тойымсыз шетелдік еркек араларды алдырып, олардың жергілікті «жеңілтек» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет