«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


аналықтармен будандасуынан түрі бөтен, түсі суық қауіпті бір ұрпақ пайда болды. Бұлар



Pdf көрінісі
бет66/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   133
аналықтармен будандасуынан түрі бөтен, түсі суық қауіпті бір ұрпақ пайда болды. Бұлар 
қылшығы бұзылмаған, жайқалып, тұнып тұрған майшелпек, әрі бөтен аймаққа келісімен 
айналадағы өсімдік атаулының шырынын таусып біткенше тыным таппайды. 


 
Өзі де «будан» тұқымға жататын ұлының қанағатсыз тірлігін жақтырмаған шешесі Нүрке 
кемпірдің: «жат жұрттық ешқашан жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, 
ертең уын ұсынады...» - деген ескертулері еленбей, ақырында кемпірдің ажалы да сол 
шетелдік аралардан келген.Жоғарыда айтып өткеніміздей, туындыдағы тұғырлы үш 
арнаның бірі – сұлулық пен әдемілік, жастық шақтың қас-қағымдай жарқын сәттерінің 
белгісі, ізгілік пен қайырымдылық, сезім мен махаббат қуаты Айна образы арқылы 
бейнеленеді. Онсыз өмірдің мәні, демек шығарманың да сәулесі болмас еді. Айна 
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі үлкен-кішілі ауыл, қалалардан орта мектепті аяқтай сала 
Алматыға аттанатын мыңдаған албырт жастардың өкілі. Ауылдың, әке-шешенің тәрбиесін 
көріп өскен бұйығы қыздың мінез-құлығынан мін табу қиын, ал сыртқы сұлулығы 
қапысыз. Тілерсегіне түскен қалың қара шашын қақ тарап, маңдайы жарқырап жүрген жас 
студент қыз талай жігіттің көз құртына айналып, меселін қайтарған. Тіпті, институттың 
мұғалімдеріне дейін, әсіресе география пәнінің оқытушысы бурыл шашты ағайының 
пиғылы бөтен. Ақыры, қыр соңынан қалмаған «ұстазының» қысымына шыдамаған Айна 
оқуын тастап АХБК-ға жұмысқа тұрады. Азиялық бет-әлпетіне көк көздері ерекше 
жарасатын сымбатты Ерікпен сонда жүргенде тіл табысып, кейін оған тұрмысқа 
шығады.Айна - құдай қосқан қосағына жан-тәнімен, ақырына дейін берілетін қазақ 
әйелдерінің дәстүрлі типінің жарқын өкілі, айнасы. Ол күйеуінің артынан еріп, айдаладағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет