«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет11/24
Дата04.11.2023
өлшемі209,74 Kb.
#122235
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағ-emirsaba.org

Барлығы


40 минут


30


«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


3. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер


Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін ақпаратын ғаламдық мәселелермен байланыстыра өз ойыңызды айтыңыз. Мәтеннен фактілік ақпарат пен автор көзқарасы көрінетін тұстардан кем дегенде 1 мысалдан келтіріңіз және дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Жұбыңыздың жауабына келісу не келіспеу пікіріңізді бідіріп, диалогке қатысыңыз.
[10]
1-мәтін
Бүгінде әлемнің барлық елдері үшін зияткерлік миграция мәселесі өте өзекті. Жаһандық үдерістің субъектісі ретінде Қазақстан да аталған түйткілден тыс қала алмайды. Елімізде қазіргі таңда білімді жастардың шетелге бет бұру үдерісі күн санап артуда.

Осы орайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мен қазіргі кезеңдегі елімізден кеткен білімді мамандардың мамандық ерекшеліктеріне сапалық және сандық тұрғыда салыстырмалы талдау жасау, сонымен бірге мектеп бітірген түлектердің, яғни жас зияткерлердің шетелге кету себептерін анықтау, отандық зияткерлік орталықтарын құру мен жетілдіру ісін жолға қою аса маңызды.


Қазіргі жаһандану кезеңі жоғары көші-қон белсенділігімен сипатталады. Бұл үдеріске зерттеушілер баса назар аударуда. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында көптеген ғылыми жұмыс халықаралық көші-қонға арналса, қазіргі заманда зияткерлік миграция факторлары мен тетіктерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
«Зияткерлік миграция» (ағылш. brain drain) – мамандардың, ғалымдар мен білікті жұмысшылардың өз елінен саяси, экономикалық, діни немесе басқа да себептер бойынша жаппай шығу үдерісін, яғни эмиграциялық үдерісті сипаттайды. Әрине, бұл ретте мамандарының бір бөлігі сыртқа кеткен елдерге айтарлықтай экономикалық, мәдени, ал кейде саяси залал келтірілсе, керісінше, иммигранттарды қабылдайтын мемлекеттер үлкен және арзан зиякерлік капиталға ие болады. Ал ақылды жастарын, мамандарын жоғалтқан ел зиян шекпей қоймайды.
Еліміз үшін білімді мамандарымыздың, ақылды жастарымыздың шетелге білім алуға кетіп, оралмай қалу қаупі үлкен алаңдатушылық тудыруда. Сондықтан бірінші кезекте зияткерлік миграцияның үлкен ағыны – жоғары білімді дайын мамандардың сыртқа кетуі мәселесін және жоғары білім алу мақсатында шетелге арман қуып кеткен жастардың елге қайта оралмау жағдайын талдау қажет..
Енді шетелге елімізден зияткерлік миграцияға негіз болып отырған себептер қандай деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Қазіргі таңда ең негізгі себептердің бірі, білімді мамандардың, әсіресе жас зияткерлердің өз деңгейінде бағаланбауы, қоғамды жайлаған коррупция көп жағдайда жастардың жұмысқа орналасуларына кедергі болып отыр. Олар зияткерлік еңбекке жоғары ақы төленетін жерлерден жақсы табыс табу мүмкіндігін іздеуге мәжбүр болады. (275 сөз)
2-мәтін
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы зияткерлік миграция Кеңес өкіметінің құлауымен Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің тарихи отандарына оралуымен сипатталады десек, бүгінгі еліміздің ең білімді, ақылды жастарының шетелге кетуінің мазмұны біршама өзгеше. 2000 жылдардан кейін зияткерлік миграция ағыны ұлттық сипатқа емес, әлеуметтік, экономикалық, ғылыми ізденушілік мәселелерге байланысты өзгере бастады.

Еліміздің жоғары білімді азаматтарының басқа елдерге қоныс аударулары зияткерлік миграцияны күшейтіп, қоғамымызға кері ықпалын тигізуде. Атап айтсақ, 2000 жылы техникалық мамандар – 13998, педагогтар – 5460, экономистер – 3906, медицина – 2868, сәулет саласы мамандары 2195 цифрлық көрсеткішті көрсетті. Бұдан біз осы кезеңде елімізден кеткен зияткер мамандар ағынының ішінде техникалық мамандардың көрсеткіші жоғары екені аңғарамыз. Ал 2006 жылы біршама статистика көрсеткіші төмендеп, кеткендер саны кеміді. (техникалық мамандар – 290, педагогтер – 623, экономистер – 74, медицина – 499, сәулет саласы мамандары – 252). Демек, елдегі экономикалық тұрақтылық мамандардың жаппай көшуін тоқтатты. 2009 және 2010 жылдардағы әлемдік дағдарыс еліміздегі зияткерлік миграцияға да әсер етпей қоймады. Яғни көшу үдерісі біршама тұрақтанды. 2017 жылы, яғни соңғы жылдары экономистердің шетелге ағыны басқа мамандарға қарағанда күшейді. Олар – 2805-ті құраса, педагогтар – 1633, техникалық мамандар – 5293, медицина – 578, сәулет саласы мамандары – 453. Байқап отырғанымыздай, экономика саласының мамандарына ыңғайлы жұмыс саласы кеңірек: сауда, қызмет көрсету, бизнес, т.б


Қазақстандағы зияткерлік көші-қон үдерісі қазіргі кезде әртүрлі факторлардың: әлеуметтік-экономикалық, саяси, этностық, экологиялық және басқа да әсерлерге қатысты орын алатыны белгілі болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап көші-қон үдерісін реттеу қазіргі күнге дейін мемлекеттік саясаттың ең өзекті бағыттарының біріне жатқызылғанымен, әлі шешімін таба алмай келеді.
Техникалық сала мамандары арасынан 2000 жылы 13 998 адам кетсе, қазіргі таңда бұл саладан сыртқа кеткендер 5293 адамды құрап отыр. Демек әлі де зияткерлік миграция үдерісінде техника саласы мамандарының ағыны күшті.
Еліміздің болашағы ғылым мен білімнің дамуына тікелей ықпал ететін – бүгінгі жастардың ақыл-ойы. Жалпы зияткер мамандарды жоғалту еліміз үшін үлкен шығын десек, елімізді нық ұстап тұратын жастарымыздың шетелге оқуға кетіп, қайта оралмау қауіпі де алаңдатпай қоймайды. (300 cөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет