«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы



бет46/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
синтаксисінде – нақ / жеке субъектісі бар күрделі (күрделенген) бейпредикативті оралымды жай сөйлемдердің көбірек қолданылуы;

лексикасында – ежелгі монғол және тұңғыс-маньчжур кірме сөздері (сонун «қызық», бараан «сұлба/силуэт»), иран және араб лексикасы (пияз «пияз», беде «беде / жоңышқа /клевер», соода «сауда», адил «әділ», илим «ілім/білім»), өткен ғасырда енген орыс сөздері мен интернационализмдер.

Қырғыз тілінде үш диалекті бар: солтүстік (қазіргі әдеби тілдің негізін құраған), оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс.

Оңтүстік-шығыс диалектісі созылыңқы дауыстылардың болуымен және дифтонгілердің болмауымен ерекшеленеді; с/з дыбыстары ажыратылмайды; сөз басында (инициалды) б орнына п-ның жұмсалуы (паш «бас»); көмекші етістіктердің архаикалық формалары: жатыры, отуру, джүрү, туру «жатыр/отыр/жүр/тұр»; иранизмдердің адаптациясы әлсіз болғанына қарамастан, иран тілінің күшті ықпалы.

Оңтүстік-батыс говорлар тобының ерекшеліктері: ä, å фонемаларының қолданылуы (бåхäр «көктем»); инициалды қ, к дыбыстарының ұяңдануы (ғыртылдақ «қыртылдақ/хрустящий», гäп «гәп/әңгіме/мәселе»); сөз басында қатаң (инициалды) п жұмсалуы (пал «бал»); бір буынды етістіктерге аффикс жалғанғанда буын соңындағы л дыбысының редукциясы (түсіп қалуы): кеұейт<келбейт «келмейді/кемейді», кеген<келген «келген/кеген»; инициалды с/ч, с/ш дыбыстарының алмасуы: сыз‑ / чыз‑ «сызу», сайла- / шайла‑ «сайлау».

Қырғыз тілінің тарихында үш кезең бөлініп көрсетіледі: ежелгі қырғыз (VIII-IX ғғ.), орта қырғыз (X-XV ғғ.) және жаңа қырғыз (XV ғ. бастап) тілдері. Соңғы кезеңді іштей төрт сатыға бөледі: XV ғ. – XVIII ғ. ортасына дейін, бұл кезде Қырғызстанның оңтүстігін мекендеген қырғыз тайпалары өзара тығыз байланысын сақтаған болатын (бұл кезеңдегі араб-парсы сөздері бірыңғай адаптацияланған / бейімделген болатын); XVIII ғ. ортасынан бастап Қазан төңкерісіне дейін, бұл кезде диалектілік ерекшеліктер айқындала / тереңдей түскен; кеңес кезеңінде ұлттың бірігуімен бірге (консолидация) қырғыздардың бірыңғай ұлттық тіл қалыптасқан; кеңестен кейінгі кезең, бұл кезде халық тілінің негізіндегі ұлттық тілдің сөздік қорына ағылшын және басқа да батыс тілдерінен көптеген сөздер енді.

Қырғыз тілінің ежелден келе жатқан терең де бай халықтық-поэтикалық дәстүрлері бар, оның тарихы жергілікті көне түркі және ежелгі қырғыз руна жазуымен және түркі тілінің шығыс түркі нұсқасында жазылған жазба ескерткіштермен тығыз байланысты.

Жазба әдеби дәстүрі ақындар Қалығұл мен Арыстанбектің (ХIХ ғ.), Тоқтоғұл Сатылғановтың (1864-1933), Байымбет Абдрахмановтың – Тоғолоқ Молдоның (1860-1942) және олардың ізбасарларының шығармашылықтарына негізделеді.

Қырғыз тіл білімінің негізін Игорь Алексеевич Батманов (1906-1969) және Константин Кузьмич Юдахин (1890-1975) сынды көрнекті түркітанушылар қалаған болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет