Морфологиясындағы ерекшеліктер: созылыңқы осы шақ – көрүбит / көрүпд´ат «ол көріп отыр/көреді/он видит», мұндағы ‑ит / ‑д´ат элементі көмекші етістіктің ықшамдалған формасы болып табылады;
нақ / жедел өткен шақтың 1 ж. көпше түр баяндауыштық аффиксі ‑быс, ‑бис: иштибис «біз іштік/ішіп алдық», бардыбыс «біз бардық» (өзге тілдердегі ‑қ / ‑к орнына).
Лексикасында қытай (кинъза «темекі тартуға арналған түтік»), санскрит (эрдине «асыл тас), ежелгі иран (Курбустан < Ahuramazda), монғол (йебе «жебе» < dzebe, өбөгөн «қария/қарт» < ebügen) тілдерінен енген кірме сөздер бар.
ХХ ғасырдың 40-жж. бастап жазуы орыс кириллицасына негізделген. 1928-1938 жж. латын алфавиті, содан кейін қайтадан кириллица қолданылған. XIX ғ. жазба ескерткіштері – алтайлық-ойроттарды христиан дініне өткізу кезінде жасалған Библия /Інжіл кітабы мәтіндерінің аудармалары, әулиелердің өмірлері, дұғалар жинақтарының т.б. аудармалары.
Әдеби тілді дамытуда М.В.Чевалков сынды ағартушы-жазушының шығармашылығы үлкен роль атқарды. Қазіргі авторлар: С.Манитов, К.Тёлёсёв, Т.Шинжин, П.Шабатин.
Қырғыз тілі
Қырғыз (қрғыз, ескіше. қарақырғыз) – қырғыз-қыпшақ топшасына, басқаша айтқанда, түркі тілдерінің шығыс хун бұтағына жатады. 4 миллион халықтың 2,5 млн. жуығы Қырғызстанда, қалғандары Қытайда, Монғолияда, Ауғаныстанда, Пәкістанда, Қазақстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |