«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы


Ерекшеліктері: фонетикасында



бет48/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Ерекшеліктері: фонетикасында – 13 дауысты;

татар тіліндегі е, и, у дыбыстарының өзге түркі тілдеріндегі и, е, о (сигез «сегіз», умбиш «он бес») түрінде жұмсалуы;

лабиалды (о-ға жуық) å: бåлåлåрға «балаларға»;

сөз басындағы дж (джиде «жеті»);



қ, нъ дыбыстарының сақталуы;

дауыстылардың дәйекті (буын) жуан//жіңішке және ерін үндестігі: болотло «бұлтты», бөтөнлөк «бүтіндік»;



Морфологиясында – септеу мен жіктеудің қыпшақтық типі;

рға, ‑ргä тұлғалы инфинитив (йазарға «жазарға», эшлäргä «істерге»);

учы, ‑үче тұлғалы есімше (йазучы бала «жазушы бала», телеүче кеше «тілеуші кісі»);

нақ келер шақтың (будущее категорическое) ‑ачақ / ‑äчäк тұлғасы (барачақ «барады», килäчäк «келеді»);

қач / ‑кäч / ‑ғач / ‑гäч тұлғалы көсемше: Син қайтқач, мин äшкä киттем «Сен қайта сала, мен іске/жұмысқа кеттім».

Ежелгі Еділ бойы (Поволжско) – бұлғар тілі алғаш қыпшақ тілімен X ғасырда араласып, оған (ассимиляциялаушы) ықпал еткен болатын. XVI ғ. – XX ғ. ортасына дейін қазандықтар мен (орта диалекті ұстанушылардың ата-бабалары) қыпшақтар (мишарлар) араласып кеткен. Осы кезеңде біртіндеп жалпыхалықтық сөйлеу тілі қалыптасты.

Татар тілінің диалектілік табиғаты күрделі және ол екі бірдей актив (белсенді) (орта және батыс) және бір пассив (шығыс) диалектілерді, сондай-ақ бірқатар аралас наречиелерді біріктіреді.

Генетикалық тұрғыдан болғар тілімен байланысты орта диалекті аборигендік говорларды (таулы, қазан маңы, мензелин, бир немесе дюртюли, нукрат-глаз, параньгин, гайнин немесе бардым, камышли) және қоныс аударушылар (қасым, ноғайбек, ечкен, сафакуль және кигин) говорларын біріктіреді, оларға дж дыбысын қолдану тән (джеканье) (джир «жер»), қ, ғ дыбыстарының сақталуы, еріндік (лабиалданған) дауыстылардың болуы (бор «бар», қош «қыс», түш «тіс»), инфинитивтің әр алуан тұлғаларының болуы (барырға, бармалы, бармаға, барма «бару»), 2 ж. көпше түрдің ‑сығыз / ‑сегез көрсеткіші (барасығыз «барасыз/барасыңыз»), болғар дәуіріндегі оғыз лексикалық кірмелері: äл «қол», дäгел «түгіл», уғыл, уғлан «ұл/ұлан».

Шындығында, диалектінің говорлары бір-бірінен едәуір ерекшеленеді.

Батыс немесе мишар диалектісіне «ч» (темник, лямбир, хвалы, мелеке, мордва-қаратай және орынбор), «ц» (сергач, дрожжан, байкыбаш) және аралас (чистопольский) говорлары жатады. Оларға дауыстылардың ерін үндестігінің болмауы, й дыбысының түсіп қалуы (рефлекторлы палатализациямен) (ү < үй «үй», қари < қайры «қабық / кора», сал´а < сайла- «сайла», бäлä < байла- «байла / тоқы»; қ, ғ, хъ > к, г, х алмасулары (сәйкестіктері); есімшенің ‑дачы тұлғасы (килен булдачы «келін болған/болатын», кода болдач «құда болатын/болушы»).

Шығыс немесе сібір диалекті говорлардың үш аумақтық (территориялық) тобын қамтиды, оларды кейде диалектілер деп атайды, тіпті кейбір зерттеушілер жекелеген тілдер қатарына да жатқызады: тобол-ертіс тобы (түмен, тобол, заболотный, тевриз, тар говорлары), барабин тобы (тілі), томск тобы (қалмақ және еуштин-чат говорлары).

Типтік белгілері: сөз басындағы б, д, дж, з, ғ, г дыбыстарының қатаңдануы (посау «бұзау», чан «жан», түкел «түгіл/түгілі», қосқын «құзғын», сескä «сізге»); сөз басында «й» дыбысының қолданылуы (йыр «жыр»); хъ > қ алмасуы (қақ «құқық», қат «хат», қäреп «әріп/қаріп»); осы шақ аффиксінің қатаң дауыссызбен келетін нұсқасы: алаты «ол алады»;

Морфологиясында – өткен шақтың ‑п және –ған тұлғаларының параллель жұмсалуы; инфинитивтің ‑ғалы, ‑гäле, ‑қалы, ‑кäле тұлғалары (парғалы «бару үшін/барғалы»); тобол-ертіс говорында ‑п аффиксінің спирантизациясы: цы:гф «шығып/шыға», ки:тф «кетіп/кете бара».

Жазуы: 922 ж. бастап Бұлғар мемлекетінде, содан кейін Қазан хандығында және Ресей мемлекетінің құрамында татарлар мен олардың ата-бабалары араб жазуын қолданған, 1927-1939 жж. – латын, одан соң 6 арнайы әріп қосылып, бейімделген кириллицаны пайдаланып келеді. Татарлар мекендеген аса ауқымды аумақта, XVI ғ. бастап татар жазба тілі түркі тілінің орнын басып, Ресейдің көптеген түркі халықтары үшін орыс тілімен қатар ресми тіл қызметін атқарған.

Татар тілі мен оның диалектілерін зерттеуде шіркеу қызметкері Александр Троянскийдің «Краткая татарская грамматика» (СПб., 1814) атты кітабының, А.Казембектің, М.Махмудовтың, М.Ш.Салиховтың, И.Кондратовтың, А.А.Вагаповтың, М.А.Юнусовтың, Н.Остроумовтың, Л.Воскресенскийдің, Н.Ф.Катановтың, Дж.Валидовтың, В.Богородицкийдің, Е.Поливановтың, Е.Маловтың, Г.Филипповтың, В.В.Радловтың, И.Гигановтың және т.б. еңбектерінің маңызы зор болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет