«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы


Ерекшеліктері: фонетикасында



бет42/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53
Ерекшеліктері: фонетикасында – 8 дауысты (а, е, ы, i, о, ө, у, ү); ч>ш, ш>с, дж>ж/й дыбыстарының алмасуы//сәйкестігі (шойын «шойын», бас «бас», жахил «надан», йан «жан»);

инициалды й (йүрек «жүрек»);

аффикстік л дыбысының тұрақтылығы (баслар «бастар»);

ассимилятивті-диссимилятивті өзгерістер н>д/т, нд>нн, зш>шш, сш>шш: баладынъ «баланың», аттынъ «аттың», үйленним «үйлендім», үйимнен «үйімнен», қышша «қызша/по-девичьи», рушша «орысша»;



Морфологиясында‑мақ, ‑с, ‑в, ‑ғы тұлғалы қимыл есімдері: осы шақ есімше тұлғасы ‑атаған (баратаған «баратын/баратұғын») және келер шақ тұлғасы ‑(а)йақ (келейек «келетін/келетұғын»);

терминативті көсемше тұлғасы ‑ғалы (келгели «келгелі»), ‑ғанша (барғанша «барғанша/барғанға дейін, келгенше/келгенге дейін»);

міндетті келер шақ тұлғасы ‑(а)йақ (келейекпен; мысалы, қаз. келешек, қырым. тат. келеджек);

Синтаксисінде – құрмалас сөйлемнің аналитизацияға бейімделу үрдісі.

Диалектілері: нақ ноғай (Ставрополь өлкесі), ақноғай (Қарашай-Черкессия) және қараноғай (Дағыстан), соңғысы әдеби тілге негіз болды. Алғашқы екі диалекті, ең алдымен, сөз басында (инициалды) және аффиксалды дж/ж дыбысының қолданылуымен ерекшеленеді: джан / жан «жан», келеджек / кележек «келеді».

Дәстүрлі жазуы араб әліпбиі бойынша қалыптасқан, 1928-1938 жж. – латын, содан кейін – орыс алфавиті қолданылып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет