«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы



бет50/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
annotation123142

Фонетикалық жүйесінде – 9 дауысты фонема (а, ә, е, ы, i, о, ө, ұ, ү) бар, оның ішінде i редукцияға ұшырауға өте бейімдігімен ерекшеленеді;

Инициалды ж, кейбір диалектілерде дж аффрикаты (жол / джол «жол», жақсы / джақсы «жақсы») қолданылады;

Интервокалды (екі дауыстының арасында келгенде) й-дің ж-ға айналуы кездеседі (айыр- «айыру, бөлу, ажырату» / ажыра- «ажыра, бөлін, жарыл; жоғалу, көз жазып қалу»);

Қыпшақ тобы ноғай тіліне тән ч>ш, ш>с дауыссыздарының алмасуы (бас «бас») қазақ әдеби тілінде және аймақтық ерекшеліктері ретінде кездеседі;

Сөз басында қатаң қ, к, т дауыссыздарының келуі қазақ тілін өзімен топтас қарақалпақ және қарлұқ тобы (өзбек, ұйғыр) тілдерімен біртабан жақындатса, оғыз тілдерінен алшақтатады. Мысалы, оғыз (түрікмен) тілдерінде қазақ тіліндегі қатаңның орнына ұяң дауыссыздың жұмсалуы тұрақты кездеседі:

қазақ: қыз, қарақалпақ: қыз, өзбек: қиз, ұйғыр: қиз, түрікмен: гыз;

қазақ: келін, қарақалпақ: келин, өзбек: келин, ұйғыр: келин, түрікмен: гелин;

қазақ: күн, қарақалпақ: күн, өзбек: кун, ұйғыр: күн, түрікмен: гун;

қазақ: тау, қарақалпақ: тау, өзбек: тоғ, ұйғыр: тағ, түрікмен: даг;

қазақ: теңіз, қарақалпақ: теңиз, өзбек: денгиз, ұйғыр: теңиз, түрікмен: деңиз;

Алайда кейбір дене мүшелерінің атауларында қазақ және қарақалпақ тілдерінде сәйкессіздік байқалады: қазақ тізе, қарақалпақ: дизе, түрікмен: дыз, өзбек: тизза, ұйғыр: тиз;

Оғыз тілдеріндегі сөз басындағы б орнына м дыбысының жұмсалуы: мен, мұнда; Дегенмен, қазақ тілінде бұл сілтеу есімдігінің септеу (ілік, табыс, жатыс, көмектес) формаларында б//м дыбыстары жарыспалы түрде жұмсалатыны белгілі: бұның//мұның, бұны//мұны, бұнда//мұнда, бұнымен//мұнымен.

Қазақ тіліне палатальді сингармонизмнің (дауыстылардың ерін үндестігінің) сақталмауы тән, алайда орфоэпия заңы бойынша, ол сөздің екінші буынына дейін таралады: ұлы “оның ұлы” (айтылуы: онұң ұлұ), көзi “оның көзі” (айтылуы: көзү);

Ауызекі сөйлеуде екі дауыстының арасында келген қатаңның ұяңдануы: әрi қарай (әрғарай), көк алма (көгалма);

Аффикстердің ассимилятивтік-диссимилятивтік формалары: қолдар, кiлттер, бiздiң, көптiк, сiзбен, қаламмен, қазақтармен;

Сөз негізінің фонетикалық жағынан тұрақты аффикс ықпалына ұшырауы (ассимиляция): көз-сiз (көссiз), бас-шы (башшы) «басшы/жетекші»;

Қазақ тілінің қыпшақ тобына жататын өзге тілдерден бірқатар айырмасы бар екендігін көрсететін бір ерекшелік буын үндестігінің сақталу дәрежесінен де байқалады. Мысалы, қырғыз тілінде ерін үндестігі сөздің барлық буындарында бірдей сақталады: тоқум, төлө, көрбөгөн, болбогондор, өлбөгөндөр, жылдыз. Сондай-ақ қырғыз, алтай, хакас, тува тілдеріне тән дауыстылардың созылыңқылық қасиеті қазақ тіліне жат:

Қырғыз тілінде боор бээ уул ооз

Алтай тілінде буур бес уул оос

Хакас тілінде паар пии оол аас

Тува тілінде баар бес оол аас

Қазақ тілінде бауыр бие ұл ауыз

Қазақ тілінің дауысты дыбыстарын қарлұқ тобына жататын өзбек тілімен салыстырсақ, онда сингармонизм заңының сақталмайтынын көреміз. Бұл, әсіресе, дауысты дыбыстар құрамынан анық сезіледі. Мұның бір себебі, өзбек тілінде дауысты дыбыстар саны әлдеқайда аз, әрі жуан дауысты ы мүлдем жоқ екендігімен, оның орнына и (і) дыбысының қолданылатындығымен байланысты: қиз (қыз), қисқаси (қысқасы), қаттиқ (қатты).

Сонымен бірге өзбек тіліндегі о қазақ тіліндегі а, ә дыбыстарының қызметтерін қатар атқарады, сөз буындарының жуан-жіңішкелігін талғамайды: опа (апа), от (ат), ота (ата), орқа (арқа), ортиқча (артықша), одам (адам), олим (ғалым), олма (алма) т.б.

Өзбек әдеби тіліндегі ý бірнеше жуан және жіңішке дауыстының қызметін атқарады: ý/ө/о/ұ/ү. Мысалдар: ýз (өз), ýзгача (өзгеше), ýлик (өлік), ýнг (оң), ýн (он), ýринбосар (орынбасар), ýроз (ораз), ýрта (орта), ýт (от), ýғил (ұл), ýғит (үгіт), ýтирик (өтірік) т.б.

Сол сияқты қазақ тіліндегі е дыбысының орнына өзбек тілінде э жұмсалады: эл (ел), элчи (елші), элак (елек), эркин (еркін), энчи (енші), эр (ер), эчки (ешкі) т.б.

Қазақ тілімен салыстырғанда, өзге түркі тілдерінің дауыссыз дыбыстар жүйесінде де біршама өзгерістер бар.

Мәселен, оғыз (түрікмен) тілдерінде сөз басында ұяң д, г, ғ дыбыстары жұмсалса, қыпшақ (қазақ) тілдерінде ол позицияда қатаң т, к, қ дыбыстары қолданылады: даг (тау), дан (тан), дары (тары), даш (тас), гөр (көр), гел (кел), гөз (көз), гөк (көк), ғызық (қызық).

Қазақ, қарақалпақ тілдерінде сөз басында ж жұмсалатын орындарда өзге тілдерде й қолданылады. Бұған қазақ және өзбек тілдері деректерін салыстыру арқылы көз жеткіземіз: жоқ – йуқ, жігіт – йигит, жорға – йурға, жол – йул, жолдас – йулдош, жолбарыс – йулбарс, т.б.

қазақ: жер қарақалпақ: жер, өзбек: йер, ұйғыр: йәр, түрікмен: йер;

Бұлардан бөлек, аталмыш тілдерде с ~ ш дыбыстары сөз ортасында және сөз соңында тұрақты түрде бірін бірі алмастыратыны байқалады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет