«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы



бет52/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Диалектілік жағынан алғанда қазақ тілі бірыңғай деуге болады. Сондықтан говорлар тобын бөлуде бірізділік жоқ. Анағұрлым айқын диалектілік белгілерге мыналар жатқызылады: ч/ш, дж/ж, п/б, нъл/нъд, ғ/у, i/ы дыбыс сәйкестіктері (чаң «шаң», джақын «жақын», полат «болат», маңлай «маңдай», суғару «суару», тiрнектеу «тірнектеу/тырнақтау»);

2 ж. көпше түр аффиксінің ықшамдалмаған (толық) түрінің сақталуы (бара-сыңыз – әдеби. бара-сыз);

келер шақтың –ажақ тұлғасы (баражақ «барады», кележек «келеді» – әдеби. келешек, келмекшi/келмек).

Жазуы: қазақ тілінің тарихында жазу дәстүрі көне түркі (руна/ «құпия») (Орхон-енисей, Талас т.б.) VIII-IX ғғ., араб (орта түркі дәуірі), латын графикасы және қазіргі кездегі кириллица (XIX – XX б. В.В.Радлов (1870), кейінірек Ы.Алтынсарин (1879) өңдеген) кезеңдерінен тұрады.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін ескере отырып бейімдеген (1912) араб жазуы Қазақстанда 1926 ж. дейін қолданылған, одан кейін енгізілген латын жазуы 1940 ж. кириллицамен алмастырылған. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қайтадан латын графикасына көшу мәселесі жан-жақты талқылануда.

Қазақ әдеби тілі суырып салма ақындар мен жыраулардың арқасында жалпыхалықтық ауыз әдебиеті нұсқаларының негізінде қалыптасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет