«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы



бет27/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
3. Лексикалық қор бойынша:

а) байырғы лексиканың нақты ұғыммен байланысты болып келуі, интеллекуалды лексика, абстракты және мәдени ұғымды білдіретін сөздер көбіне басқа тілдерден көне, жаңа дәуірлерде ауысқан болып отырады;

ә) байырғы лексика көбінесе бір буынды, кейде екі буынды болып келеді;

б) мән-мағына тұрғысынан жіктелген сингармониялық параллельдер бар,

в) синкретизмнің (түбірлердің, негіздердің) іздері бар.

4. Синтаксистік құрылыс бойынша:

а) сөздер арасындағы синтаксистік қатынас көбіне олардың орналасу тәртібі арқылы беріледі. Синтетикалық тәсілдер арқылы синтаксистік қатынастардың берілу аумағы орын тәртібіне қарағанда әлдеқайда тар;

ә) сөз тіркесі құрамында болсын бағынышты мүшелер бірінші/алдыңғы орында тұрады: анықтауыш анықталушының алдында, толықтауыш пен пысықтауыш, сондай-ақ, бастауыш та баяндауыштың алдында жұмсалады.

б) сын есім, сан есімдер анықтауыш қызметінде зат есім анықталушымен ешбір қосымшасыз қабыса байланысады (алтын қасық, темір күрек, ағаш үстел);

в) сұрау мәнді сөйлемдер сұраулық шылаулармен айтылады;

г) толықтауышқа логикалық екпін түсіру үшін оны табыс септіктің ашық түрінде айтып, сөйлемнің басқы позициясына шығарады;

д) халық тілдерінде түсіндірмелі (относительное) есімдіктер жоқ, сондықтан олар арқылы қалыптасатын сабақтас я салалас түсіндірмелі (құрмалас) сөйлемдер де жоқ.

Әдеби тілде (жазба) ондай сөйлемдердің орнына сөйлемге ұқсас конструкциялар – сөз тіркестері қолданылады.

Түркітанушылар зерттеулерінің қорытындылары бойынша анықталған түркі тілдерінің сөздеріне ғана тән, оларды басқа тілдерден ерекшелейтін өзгешеліктер осылар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет