«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы


Морфологиялық құрылысы бойынша



бет26/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
2. Морфологиялық құрылысы бойынша:

а) Морфологиялық құрылыстың негізі – аффиксация. Себебі, типологиялық жағынан жалғамалы (агглютинациялық) топқа жатады.

Мәні мен қызметі әртүрлі аффикстер бір-біріне қабаттасып, қосарланып жалғана береді.

Сөздің морфологиялық құрылымы 3 элементтен: түбір, жұрнақ және жалғаудан құралады.

Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді:

1. Тек қана түбірден құралған сөз;

2. Түбір және бірнеше жұрнақтан құралған сөз;

3. Түбір және бір немесе бірнеше жұрнақтан, сондай-ақ, бір не бірнеше жалғаудан құралған сөз.

Кей зерттеушілер (Дени т.б.) бұл аталғандардан басқа аралас типті де көрсетеді.

Бұл тип жоғарыда көрсетілген құрама элементтердің кейбірлерінің орындарын ауыстыруынан және қосымшалардың аралас түрлерінің қатысуынан жасалады.

4-типтің құрамына мысал: дау-лас-қан-дар-дікі-нен;

ә) сөз таптары (негізінен) басқа тілдердегідей болғанмен, өзге тілдердегі предлогтар мұнда жоқ, есесіне (олардың орнына) шылаулар бар.



Шылаулардың грамматикалық қызметі мен мәні үндіевропа тілдеріндегі предлогтармен ұқсас болғанымен, қолданылу ыңғайы жағынан олардан мүлдем ерекше. Шылаулар өздері қатысты сөздерден кейін келеді, ал предлогтар олардың алдында келеді.

  • Түркі тілдерінде (роман, герман, семит тілдерінде бар) артикльдер жүйесі де жоқ; олардың мәні сөз не грамматикалық форма арқылы беріледі.

Түркі тілдерінде жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктері этимологиялық жағынан байланысты (мен/бен – бұл, сен – ол/сол).

– Түркі тілдерінде етістіктің функциялық түрлерін жасайтын аффикстер /жұрнақтар/ көп және алуан түрлі;

б) грамматикалық категориялар жүйесінде мынадай ерекшеліктер бар:

1) үндіеуропа тілдерінде зат есімдер жанды/жансыз құбылыстарды білдіруіне қарай грамматикалық категорияларға жіктелсе, түркі тілдерінде адамды және бүкіл басқа заттар мен құбылыстарды білдіруіне қарай жіктеледі. Яғни, үндіеуропа тілдерінде бүкіл адамдармен қатар жан-жануарларға, құстар мен балықтарға, жәндіктерге «Кім?» деген сұрақ қойылса, түркі тілдерінде бұл сұрау тек адамзат баласына ғана қатысты қолданылады.

Профессор Б.Сағындықұлы өзінің филологиялық-теологиялық бағытта жазылған еңбектерінде мұндай ерекшеліктің түпкі себебін діни-мифологиялық ұғымдарға сүйене отырып түсіндіреді. Яғни «Кім?» деген сұрау «Рух» ұғымының адам баласына ған тән екендігімен байланысты жұмсалса, «Жан» барлық тіршілік иелеріне тән болғанымен, жануарлар мен жәндіктер әлеміне қатысты «Не?» сұрауы қолданылады екен. Бұл – түркі жұртының ежелгі дүниетанымына орай анықталатын дерек.

Түркі тілдерінде грамматикалық род категориясы жоқ. Алайда лексикалық қорда ер және әйел текті белгіге орай жұмсалатын сөздер тобы бар.

2) тәуелдік жалғаулар мен тәуелдікті білдіретін конструкциялар жүйесі бар. Грамматикалық категорияның бұл түрі басқа тілдердегі «быть» етістігімен келетін конструкциялардың мәнін білдіріп, қызметін атқарады.

3) абстракт көптік мәннің жекелік тұлға арқылы берілуі, ал көптік жалғаудың біршама нақты мәнді білдіру;

4) көптік, жекелік тұлғалардағы сөздерге жалғаулардың өзгеріссіз, бірыңғай жалғануы;

5) тәуелдік септеудің бар екендігі/болуы;

6) атау тұлғаның көп мәнділігі;

7) шығыс септікті конструкциялардың салыстырмалы шырай мәнін беретіндігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет