Тыңдалым https://www.youtube.com/watch?v=t1EwDF7koGg&t=22s 4-тапсырма.Бейнематериалды тыңдап, өз пікіріңізді ортаға салыңыз.
Әдебиеттер: [7.1.2]; [7.1.3]; [7.2.4.]; [7.2.3.9]
28-сабақ Жұмыс түрі және еңбекақы Грамматика: Етіс формаларының қолданысы
Бақылау жұмысы 1- тапсырма.Жаңа сөздерді жатқа айту. Сөздік жұмыс Маңдай термен табу;
Жалақы;
Еңбекақы;
Еңбек өнімділігі;
Ұтымды тәсілдер;
Өнімнің сапасы;
Еңбекті қарқындату;
Сапа талаптары;
Жұмысқа қабылдау;
Қажырлы еңбек;
Көрсеткіштің артуы;
Өнім санын ұлғайту;
Кесімді ақы;
Мерзімдік еңбек ақыны;
Ұжымдық келісімшарт;
Тарифтік мөлшерлеме
Жұмыс беруші;
Ынталануын қамтамасыз ету;
Өндіріс шығындары;
Экономиканың заңдылықтары;
Ысырап, орынсыз шығын;
Сыйақының көлемі;
Сынақ мерзімі;
Қажетті өнім көлемі;
Қажырлы еңбек;
Тыңдалымhttps://www.youtube.com/watch?v=32hWE5OzQJA 2- тапсырма. Бейнематериалды тыңдап, пікірлерді негізгі идеялары бойынша салыстыру.
Жазылым 3-тапсырма. Берілген еңбекақыларды есептеңіздер. Жазыңыздар.
Есептер: Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі.
Мерзімдік еңбек ақыны есептеу
1-мысал: Жай мерзімдік:
Қызметақысы 21300 теңге фирма менеджері айдағы 26 жұмыс күнінің 20 күнінде жұмыс істеген. Еңбекақысын табу керек.
Айдың орташа күндік еңбек ақысы: 21300/26 =819,23 теңге. Менеджердің жалақысы 819,23 *20=16384,61 теңге құрайды.
2-мысал: Кәсіпорынның жұмыс тәртібі бойынша аптаның 5 күнін жұмыс күні етіп белгілеген. 1-ші разрядтың мөлшерлемесі ұжымдық келісім шартта 25000 теңге мөлшерінде бекітілген. 14-ші разряды бар маман ағымдағы айда 18-ақ күн жұмыс істеген. Еңбекақысын табу керек.25000*2,55=63750 тенге
63750/21=3035,71 тенге
3035,71 *18=54642,86 тенге
3-мысал: Мерзімнен тыс жұмысқа есептеулер.
Бесінші разряды бар жұмысшы сәуір айында 12 сағат артық жұмыс істеді.Сағаттық тарифтік мөлшерлеме келісімшарт бойынша 165,25тенге.
Ұжымдық келісімшарт бойынша мерзімнен тыс жұмысқа 1,5 есе төленеді. Жұмысшыға мерзімнен тыс істеген жұмысының ақысын есептеу керек. 165,25т*12 с*1,5= 2974,50
4-мысал: Демалыс және мейрам күндеріне есептеулер.
Төртінші разряды бар жұмысшы 8 наурыз күні 8.00ден 17.00дейін жұмыс істеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағат. Мекемеде 5 күндік жұмыс уақыты белгіленген. Ұжымдық келісімшарт бойынша мейрам күндеріне екі есе төленеді. Сағаттық тарифтік мөлшерлеме келісімшарт бойынша 154,35тенге.
154,35*8 сағат * 2=2469,60 тенге
Кесімді еңбек ақыны есептеу.
5-мысал. Кесімді ақы алатын жұмысшыға белгілі 250,56 теңге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысын табу керек.