4-тапсырма. Мәтінге тақырып қойып, жалғасытырыңыздар
Мерзімді еңбек ақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбек ақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:
Сағаттық;
Күндік ақы;
Айлық ақы;
Мерзімдік – сыйақылық еңбек ақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).
…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
5-тапсырма. «Адамды адам еткен еңбек» атты тақырыбына эссе жазу
Әдебиеттер: [7.1.2]; [7.1.3]; [7.2.4.]; [7.2.3.9]
8 –апта.
Лексикалық тақырып: ТАБЫС КІЛТІ - ЕҢБЕКТЕ
1.Табысты болғыңыз келе ме?
2. Ақша және адамдар
Грамматика: Қалау мәнді құрылымдар: -са/-се
29-сабақ. Табысты болғыңыз келе ме
Сөздік қор:
Бәсекеге қабілетті;
Ақыл-парасатты жаттықтыру;
Табындылықпен іздену;
Табысқа жету;
Зейін қою;
Суырылып шыға алу;
Сырттай бағалау білу;
Ыждаһаттық;
Ережелерді пайдалану;
Ережелерді ұстану;
Іс-әрекетке жылдам болу;
Нақты нәтижеге жету;
Еті тірі болу;
Табысты болу;
Алға ұмтылу;
Табысқа жетелеу;
Оңтайлы шешім;
Оқылым
2-тапсырма. Мәтінді оқып,өз пікіріңізді айтыңыз.
Билл Гейтстен табысты болудың 10 ережесі
Билл Гейтске табысты болуға не көмектесті? Сіз де ол сияқты мықты, табысты, оқымысты болғыңыз келе ме? Онда танымал адамнын 10 ережесіне назар салыңыз. Осы ережелерді ұстану арқылы сіз де арманыңызға жақындай түсесіз.
Достарыңызбен бөлісу: |