Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған


-апта. Лексикалық тақырып: ӘУЛЕТ – АҒАЙЫН-ТУЫСҚАН ӘЛЕМІ



бет9/67
Дата11.12.2023
өлшемі299,3 Kb.
#137051
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
Байланысты:
Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультетт-emirsaba.org

3-апта. Лексикалық тақырып: ӘУЛЕТ – АҒАЙЫН-ТУЫСҚАН ӘЛЕМІ
1.Неке дегеніміз не?
2.Отбасын неше жаста құру керек?
9-сабақ. Неке дегеніміз не?
Грамматика: Модаль сөздер
1-тапсырма:
Сөздік қор:
Отбасының негізі
Отбасының іргетасы
Рухани өмір
Заңды тіркеу
Ерлі-зайыптылар құқығы
Азаматтық хал актілерін жазу
Отансүйгіш сезімдер
Тұрмыстық қатынас
Тарихи құбылыс
Ата-ана жауапкершілігі
Оқылым.
2-тапсырма.
  1. Жастардың отбасын құру, некеге тұру жауапкершілігін қалай түсінесіз?


  2. Қазақстандағы статистикалық мәліметтерді қараңыз


Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, еркек пен әйелдің өзара түсінісу негізінде құрылатын одағы, Неке - ер мен әйел арасындағы сүйіспеншіліктің адамгершілік, эстетикалық қатынастың негізі.

Біздің елімізде неке заңды тіркеуден (АХАЖ) өтеді.
Адам баласы үлкендерге құрмет, кішіге адамгершілік және отансүйгіштік сезімдерін отбасында үйренеді. Еркек пен әйел – отбасының іргетасы. отбасының мәні өте зор. Оның тірегі саналатын ерлі –зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне білсе, отбасында бақыт пен шаттық орнайды. Отбасы - тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың алғашқы ұясы.. Отбасы жұбайлардың, ата-аналардың жауапкершілігінің нәтижесінде дамиды және шағын бір мемлекетке айналады.


Жазылым
3-тапсырма. Сөйлемді өз ойыңызбен аяқтаңыз:
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді ....... ...........
Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелерін мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар ......... ............
Ерлі-зайыптылар отбасындағы мәселелерді ........ ..........
Арнайы ақпарат
Шымкент қаласының АХАЖ бөлімінде «Алтын той» иелері мен жаңадан отау тіккен жас жұбайларға ресми түрде неке куәлігі тапсырылды. «Алтын той» иелері Амангелді және Анар Нәбиевтер 50 жылдан астам бір шаңырақ астында тұрып, бақытты өмір сүріп жатыр. Ел алдында Нәбиевтер неке жүзіктерімен алмасып, тағы жарты ғасыр бір-біріне адал болуға уәде етті. Алтын той иелері: «Біз бақытты отбасымыз» деп қуаныштарын жасырмады. Өйткені 40 немере, 16 шөбереміз бар, 4 баламызды тәрбиелеп, оқыттық, Біздің сыйластығымызға ел қызығады». Неке қию кезегі жас отау иелеріне келді.. Жас жұбайларға аға буын өкілдері біздің жолымызды берсін деп, ақ батасын берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет