Нақыл сөздерді жазып, жаттаңыз:
Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.
Ғабиден Мұстафин
Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю.
Бауыржан Момышұлы Бала нені білсе жастан, ұядан – Өле өлгенше соны таныр қиядан.
Жүсіп Баласағұни
Әке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде ол өтірікті бала да айтады.
Ғабит Мүсірепов
Әдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
4-сабақ
Тыңдалым
Мерейлі отбасы. Айтбаевтар отбасы. Шығармашылық әулет. Youtube.Qasagstan TV.
Димаштың отбасында алған тәрбиесін қалай бағалайсыздар?
Бақылау жұмысы
Мәтін жазыңыз. Зерттеу бағытындағы тапсырма:
Әдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
2-апта. Лексикалық тақырып:
ӘУЛЕТ – АҒАЙЫН-ТУЫСҚАН ӘЛЕМІ
1. Өзара түсіністік пен сыйластық
2.Қамқорлық ережелері
5-сабақ. Өзара түсіністік пен сыйластық
Грамматика: Есімшенің анықтауыштық қызметі
1-тапсырма:
Сөздік қор:
Отау тігу
Отбасын құру
Кешіріммен қарау
Отбасы құндылығы
Өзара түсіністік
Неке бұзу
Бақытсыздық себебі
Кек сақтау
Қылмыс жасау
Жағымсыз істер
Айтылым
2-тапсырма.
Зерттеу бағыты: Адамдар арасында, отбасында түсінбеушілік себептердің болуы. Отбасын құрған жастардың ажырасуы. Қандай әрекет жасауға болады?
Оқылым
3-тапсырма.
Тақырыпқа сәйкес ойды жалғастырыңыз
Отбасы заңдылықтары дегенді қалай түсінесіз?
Қазіргі таңда отау тіккен көптеген ерлі-зайыптылар үйлерінде бақыттың, өзара жылудың жоқтығын айтып шағым жасайды. Сол бақытсыздықтың себебі – ері мен әйелдің біріне-бірі кешіріммен қарай алмай, араларында өшпенділік, кек сақтауы болса керек. Ал, негізінде, кешірімділік – отбасы шаттығы үшін ең маңызды құндылықтардың бірі.
Адамдар арасындағы өзара түсіністік болу қажет. Түсіністіктің бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Түсіністік – бір-бірімізбен татулықта өмір сүрудің бір жолы. Түсіністіктің болмауы қауіпті жағдайларға әкеледі. Адамдар бір-бірін түсінбесе, неке бұзылуы, қылмыс т.б. жағымсыз істердін пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |