Тест сұрақтары: 1. Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын.
2. Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.
3. Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын.
4. Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.
5. Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім.
6. Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, “сұлу перизат” немесе “мейірімді сұлтан” ретінде сезіне аламын.
7. Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.