23- сабақ.
Қабілет және мүмкіндік.
Мезгіл мәнді құрмаластың сұраулары: Қашан? Қашанға шейін? Қашаннан бері?
1- тапсырма.
Сөздік қор:
Қанағаттанбаушылық;
Жоғары білікті маман;
Білгір;
Көзі ашық көкірегі ояу;
Он саусағынан өнер тамған – шебер;
Тілінен бал тамған – шешен;
Тілмар;
Көзі қырағы – көреген,
Зор шеберлік;
Белестерді бағындыру;
Білім саласы;
Аралық бақылау;
Кредиттік жүйе;
Қашықтықтан оқыту;
Қорытынды бақылау;
Күндізгі оқу бөлімі;
Сыртқы оқу бөлімі;
Дәріс сабақтары;
Жобаларды қорғау;
Көшбасшылық
шәкіртақы;
Президенттік шәкіртақы;
Оқу үлгерімі;
Тегін білім алу
Жазылым
2-тапсырма. Кестедегі ереже бойынша жаңа сөздермен сөйлем құраңыздар.
(-ғанда,-генде,-қанда, -кенде) ол жазды.
|
|
(-ғанға,-генге, -қанға, -кенге) + дейін, шейін ол жазды.
|
|
(-ғаннан,-геннен, қаннан, -кеннен) + кейін, соң ол жазды.
|
|
(-ған,-ген,-қан,-кен) + сайын ол жазды.
|
|
(-ған,-ген, -қан, -кен) + кезде,сәтте,уақытта. ол жазды.
|
|
(-ған,-ген,-қан,-кен) + -ша,-ше ол жазды.
|
|
(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + с + бұрын ол жазды.
|
|
-арда,-ерде,-рда ол жазды.
|
|
(-ғаннан,-геннен,-қаннан,-кеннен) + бері ол жазып жүр.
|
|
-са,се + жіктік жалғауы Ол келсе, сабақ аяқталыпты.
|
|
Мысалы:
1) Аттылар жалт-жалт қарасқанда, жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді.
2)Қарағанды көмірін тапқалы, жүзге жуық жылдар өтіп барады.
3)Ауыл осы қонысқа келіп орналасқаннан бері, бір күн дамыл алып тыныққан емес.
4)Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ болып атқан екен. Тимур үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алады.
5)Біраз отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |