Жазылым.
4-тапсырма.Төменде берілген сөздер сөз тіркестерін орын тәртібімен орналастырып сөйлем құраңыз.
1) бақытты, жалғыз, бола алмайды, адам
2) отбасы, бақытын құратын, табу адамның, басты қадам,
өмірлік жарды, өміріндегі маңызды да, -
3) жақсы, сапалы, сияқты,отбасын құру, ол –, әдемі үй салу
4) біреулер оны, біреулер сапасыз салады, салуды білмейді,
біреулер салуға қорқады.
5) біреулер салуға, керек екенін де білмейді, сылтау айтады. ал
кейбірі үйдің
6) суықта жылуыңыз, сапалы етіп, ал сіз, салуды бастап, үй
салуды біліп, салқыныңыз болады. салсаңыз, бұл үй сіздің
ыстықта.
5-тапсырма. Есімше формаларының септелуі:
етістік+есімше жұрнақтары+жатыс септік
сабақ оқыған+да, сабақ оқитында, сабақ оқырда
Әдебиеттер: [7.1.2]; [7.1.3]; [7.2.4.]; [7.2.3.9]
38-сабақ.
1-тапсырма..Уақытқа байланысты тұрақты сөз тіркестерін жалғастырып жазып, жатқа айтыңыз:
Қас қағымда
Көзді ашып жұмғанша
...........................
...........................
...........................
2.Тыңдалым. https://youtu.be/fI8Xjotg7aY
Уақытқа қатысты сөз тіркестерінің мағынасын ажыратыңыз
3.Жазылым.Толықтырыңыз
Бір тәулікте ... сағат бар. Десе де қазақта тәуліктің әр бөлігінің өз атаулары бар. Қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары: ... – күн шығар алдындағы мезгіл. Таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі алакеуім, алакөбе, алаң–ғұлаң, елең–алаң деп аталады. Ал құланиек, құлын сәрі дегеніміз – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез. Жерге жарық түсе бастаған кез – ..... деп аталады. .... – күн көкжиектен көтеріле бастаған мезгіл. – күннің орта мезгілі. Бесін – ... еңкейген мезгіл. Ақшам, ымырт – күн ұясына бата бастаған мезгіл.Түн – тәуліктің кештен ... дейінгі аралығындағы мезгіл.
Керекті сөздер: 24, таң, таң сәрі, сәске, түс, күн, таңға
Достарыңызбен бөлісу: |