Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет44/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67
Байланысты:
Силлабус Казахский яз (В1 денгей) 2020-2021 дурысы наурыз 2021 (1)

Айтылым.
3-тапсырма. Оқылымды «Мəтінді трансформациялау» əдісі бойынша əңгімелеңіз.


Жазылым.
4-тапсырма. Қазақстандағы көрікті жерлер туралы ақпарат
жинаңыз.


44-сабақ.
Бақылау тапсырмалары
1-тапсырма. 41-43 сабақ бойынша сөздік диктант
Әдебиеттер: [7.1.2]; [7.1.3]; [7.2.4.]; [7.2.3.9]


12-апта. Лексикалық тақырып:
БОС УАҚЫТ ЖӘНЕ САЯХАТ
1.Қазақстандықтар қайда демалады?
2. Еліміздегі туризмнің даму деңгейі қандай?
Грамматика: салыстыру мәнді құрылымдар: онымен салыстарғанда, оған қарағанда, гөрі


45-46 сабақ
1-тапсырма.
Сөздік қор:
жақсы демалыс
пайдалы демалыс
саяхаттау
достармен саяхаттау
қызықты саяхат
саяхаттың пайдасы
өз-өзіне сенімділік
табиғаттың тылсым күштері
табиғатты тамашалау
айналамен танысу
Емдік қасиет
Бурабай балшығы
Жақсы демалу
Қылқан жапырақты
Таулы ел
Биік тау
Ұсақ шоқы
Кеңінен танымал
Шатқалдың жоғарғы жағы
Сирек кездесетін
Аласа таулы
Шипалы қуаты?
Шипажай орналасқан
Қонақ үйлер


Айтылым.
2-тапсырма.
Сүрақтар:
1. Балалар сіздер қай жерге саяхаттағанды ұнатасыздар? Неліктен?
2. Достарыңызға қай жерге саяхаттауға кеңес бересіздер?
3. Саяхаттау сізге қандай әсер береді?


Тыңдалым.
3-тапсырма.
https://youtu.be/sLogD-XpU2k сілтеме арқылы видеоны тамашалап, ойыңызбен бөлісіңіз.


Оқылым.
4-тапсырма.
Мәтінді оқып шығып, мәтінде берілген сұрақтарға жауап береміз.

Қазақстан – табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы... Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсың! Қарасаң көзің тоймайды! Бурабай шатқалы Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал.


Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет