Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет52/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Байланысты:
Силлабус Казахский яз (В1 денгей) 2020-2021 дурысы наурыз 2021 (1)

Айтылым.
5-тапсырма. Жалпы, наным-сенімдер қаншалықты орындалады?
П – Менің ойымша, ........
О – Себебі .......
П – Мысалы, ........
С – Қорыта айтқанда ............


Әдебиеттер: [7.1.2]; [7.1.3]; [7.2.4.]; [7.2.3.9]


14 апта. Лексикалық тақырып: ЖАҢАЛЫҚТАР
1. Мәдени жаңалықтар
2. Спорт жаңалықтары
Грамматика:
көсемшенің қимыл-сын пысықтауыштық қызметі
Негізгі көсемше әрқайсысының басым мағыналық сипаттарына орай: амалды көсемше, мақсатты көсемше, мезгілді көсемше болып бөлінеді. Бұлар қайтіп? қалай? не істегелі? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Амалдық. көбінесе негізгі іс-әрекеттің алуан түрлі қимылдық сын-сипатын керсетеді. Тұлғалық, мағыналық өзгешеліктеріне қарай өз ішінде амалды көсемше тұжырымды амал (-ып, -іп, - п/ағаштар баяу қозғалып тұр), созылыңқы амал (-а, -е, -й/ құстар қанаттарын суылдата ұшты), болымсыз амал (-пастан, -пестен, -бастан, - бестен, -мастан, -местен/ жаңбыр тынбастан жауды) болып топталады.


53-сабақ. Мәдени жаңалықтар


1-тапсырма.
Сөздік қор:
Қазақстандық «Мәриям» фильмі
Францияның Везуль қаласында өткен
гран-при иеленді, деп хабарлайды
алғаш рет бас жүлде әйел адамға бұйырып отыр
Франциядағы Қазақстан елшілігінің өкілдері
алғашқы толық метражды фильмі
режиссер оны өз қаржысына түсірген
туынды төрт баласын жалғыз өзі өсіруге мәжбүр болған әйелдің шынайы оқиғасы желісінде
француз кинодистрибьютерлері қызығушылық танытқан
енді отандық туынды
әлемнің түрлі елдеріндегі кинофестивальдердің конкурстық бағдарламасына
биыл Франция кинозалдарында көрсетілуі мүмкін
қаржы аз болғандықтан
француздардың өзінде қуанышында шек болмай жатыр;
Тыңдалым:
2-тапсырма.«Қазақстандық фильм Францияда бас жүлдені ұтып алды https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/376053-aza-standy-film-frantsiyada-bas-zh-ldeni-typ-aldy


Қазақстандық «Мәриям» фильмі Францияның Везуль қаласында өткен Азия киносының халықаралық фестивалінде гран-при иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24». Кинофестиваль тарихында алғаш рет бас жүлде әйел адамға – алматылық режиссер Шарипа Оразбаеваға бұйырып отыр. Жеңімпазды алғашқылардың бірі болып, Франциядағы Қазақстан елшілігінің өкілдері құттықтады. «Мәриям» – Шарипаның алғашқы толық метражды фильмі.
Режиссер оны өз қаржысына түсірген. Туынды төрт баласын жалғыз өзі өсіруге мәжбүр болған әйелдің шынайы оқиғасы желісінде түсірілген. Ең қызығы – Меруерт Саббусинова онда өзін өзі ойнаған. Везуль қаласындағы фестивальден кейін фильмге француз кинодистрибьютерлері қызығушылық танытқан. Енді отандық туынды әлемнің түрлі елдеріндегі кинофестивальдердің конкурстық бағдарламасына қатысады. Осыдан кейін биыл Франция кинозалдарында көрсетілуі мүмкін.
Шәрипа Оразбаева, режиссер: - Енді фильм аз күнде, 5-ақ күнде түсірілгендіктен және қаржы аз болғандықтан, мен онша сене қойған жоқпын фильмнің басты жүлдені, гран-приді алатына сенген жоқпын. Бірақ қуанышымда шек болмады. Және бұл жерде айтып жатыр маған, бұл фестивальдің 26 жылдық тарихы бар екен. Және әйел режиссер бірінші рет гран-приді алып отыр екен.
Француздардың өзінде қуанышында шек болмай жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет