Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет33/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67
Байланысты:
Силлабус Казахский яз (В1 денгей) 2020-2021 дурысы наурыз 2021 (1)

Айтылым
4- тапсырма. Төмендегі лайфхактарды оқып, өз пікіріңізбен бөлісіңіз. (Келісу немесе Келіспеу позициясын тандаңыз)


1.Ақшаны қалай тиімді жинау керек? Табысты кәсіпкерден лайфхак


Әмір Жантасовтың бизнеспен айналысып жүргеніне 7 жыл болған. Қазір оның иелігінде бес компания мен инвестициялық қор бар. Оның айтуынша, ақша жинау үшін бір ғана ережені берік ұстану керек
2.Жиналған ақшаны қашан жұмсаған жөн?
"Жиналған сомадан ақша жасауға болғанда ғана жұмсаған дұрыс. Жаңа көлік немесе смартфонға емес. Активке инвестициялау керек, яғни одан да көп ақша әкелетін жерге. Мысалы, бизнеске. Ал ең жақсы инвестиция - өзіңе, біліміңе құйылған ақша. Себебі жаңа біліммен, сіз одан да көп табыс таба аласыз", - дейді кәсіпкер.
3. Әмір Жантасовтан лайфхак
Бай адамдар үнемі білімін жетілдіреді, оқиды, ал кедейлер онсыз да бәрін біледі. Бай адамдар өзіне және активтерге инвестиция құяды, ал кедейлер пассивке, техникаға, киімге. Қымбат телефоннан бас тартып, ақша табу немесе жинақтау туралы жазылған бірнеше кітап сатып алыңыз. Әлемде кез келген нәрсеге арналған кітап бар. Махаббат, жақсы қарым-қатынас, келіссөздер, ақша табу, жинау мен инвестициялауға нұсқаулақтар көп. Тек оны тауып, қолдану керек. Бәрі өте оңай.
Жазылым
1-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіз.


Мақал-мәтелдер
Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.


Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады,
Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.


Ақшаның жайын жарлыдан сұра,
Адамның жайын арлыдан сұра
Айтылым
2-тапсырма. Сұхбатты импровизация жасап әрі қарай жалғастырыңыз. Өз жауаптарыңызды жазып көріңіздер.


Қожанасыр туралы аңыз
Бірде Қожа байдан ақша сұрапты.
- Ақша саған не үшін керек?
- Піл сатып аламын.
- Егер сенің ақшаң болмаса, пілге қалай азық тауып бермексің?
-.......................................................................................................
........................................................................................................


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет