1-тапсырма.Жаңа сөздерді тыңдап, сөз қолданысында пайдаланыңыз
Cөздік қор: отбасындағы ақша мәселесі
отбасын асыраушы
отбасы құндылықтары
отбасы бюджеті
жеке шығын
қаржылық жоспарды дұрыс құру
қаржы жоспарын нақты орындау
тікелей қатысты
бюджет түріне байланысты
туыстық қатынас
өсу
ұрпақ
отбасылық қажеттіліктер
шығын
еңбек ету
үлгілі
қолдау
отбасы кірісі
отбасы шығысын есептеу
бюджет түрін анықтап алу
бірлескен отбасылық бюджет
бөлек отбасылық бюджет
араласқан отбасылық бюджет
бірге жинақтап
жоспарлы түрде жұмсау
өз табысына жеке иелік ету
бірлесіп ақша жинау
алдын-ала келісіп жоспарланған сома
қаржылық жоспар
отбасы кірісі
бюджет түрі
ерлі-зайыптылардың кірісі
жеке шығын
отбасы шығыны
жеке иелік
ақша жинау
Айтылым.
2-тапсырма. «Отбасында ақшаны үнемдеу» не үшін қажет? немесе қажет емес (Сөздік қорды пайдаланып сұхбат құрастыру).
Оқылым. 3-тапсырма.Мәтінді оқып, өз ойыңызды қорытындылаңыз.
Отбасы бюджеті
Отбасы бюджеті − отбасы кірісі мен шығысын есептей отырып жасалған қаржылық жоспар. Қаржы жоспарын дұрыс құру мен нақты орындау отбасы мүшелеріне тікелей қатысты. Мамандар отбасының қаржылық жоспарын құру сіз таңдаған бюджет түріне байланысты екенін айтады, яғни алдымен бюджет түрін анықтап алған дұрыс. Оған төмендегі 3 категория кіреді:
Бірлескен отбасылық бюджет;
Бөлек отбасылық бюджет;
Араласқан отбасылық бюджет.
Бірлескен отбасылық бюджет деп − ерлі-зайыптылардың кірістерін бірге жинақтап, қаражатты барлық отбасы шығыны мен жеке шығындарға жоспарлы түрде жұмсауын айтамыз.
Бөлек отбасылық бюджетте әр отбасы мүшесі өз табысына жеке иелік етеді. Мұндай отбасылар батыс мемлекетінде жиі кездеседі.
Араласқан отбасылық бюджет − бірлескен және бөлек отбасылық бюджет сипатына ие қаржылық жоспар. Бұл жерде отбасы мүшелері бірлесіп ақша жинайды, алайда оған барлық табысын бермейді, алдын-ала келісіп жоспарланған соманы ғана жинап отырады.