Қазақ тілі (В1 деңгейі) бойынша емтихан сұрақтары «Мінез және келбет» тақырыбында әңгімелеңіз



бет1/4
Дата02.05.2023
өлшемі25,37 Kb.
#89071
  1   2   3   4
Байланысты:
2 триместр. Емтихан сұрақтары В1


Қазақ тілі (В1 деңгейі) бойынша емтихан сұрақтары
1. «Мінез және келбет» тақырыбында әңгімелеңіз.

Мінез – саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн.

Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?

Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні.

Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру қажет.

Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық “адамның екінші табиғаты – әдетке” айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тіршіліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.

«Келбеті мен мінезі жақсы адам тозақ отына жанбайды» - деген қазақ халқының иманды сөзін есімізде ұстағанымыз жөн.



2. Болымды және болымсыз етістіктерге мысалдар келтіріп, 5 сөйлем құрастырыңыз.
Мен бүгін үйге бардым. Ол үйіне ерте келді. Біздер денеде шаңғы тептік. Балалар футбол ойнады. Асан кітап оқыды. Ол сабағын оқымады. Мектептен оқушылар келмеді. Балалар үйіне қайтпады. Ол əлі оған жетпеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет